PR мамандығының болашағы қандай?

Қоғамда «пиар», «пиар жасау», «қара пиар» деген ұғымдарды естіген боларсыз. Бүл ұғымдардың түбінде қандай сөз жатыр, ол сөз қандай мағына береді? Осы мәселені сарапқа салып, талқылайық.Пиар деген не? PR (пиар) – бұл компания немесе адам мен қоғам арасындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты сақтауға бағытталған технологиялар. Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастар барлық жерде қолданылады: бизнесте, саясатта, сондай-ақ коммерциялық емес секторда. Оның маңыздылығының артуы бизнестің қоғамға, оның іс-әрекеттеріне, идеяларына, қалауына байланысты бола түсуімен негізделген.

Қазіргі PR базасында компания мен қоғамдастықтың екіжақты байланысы орналасқан. Тиісті мамандар осы байланысты қалыптастырумен және қолдаумен айналысады. Шын мәнінде, бұл басқарушылық қызмет, оның негізгі міндеті тауарлар мен қызметтерді ұсынатын компания мен қоғам арасындағы тиімді қатынастарды қалыптастыру болып саналады. Компанияның экономикалық нәтижесі осы жұмыстың тиімділігіне байланысты. Қоғаммен байланыс әрқашан тапсырыс берушінің қабылдауын қалыптастыру үшін ақпаратты өңдеу және берумен байланысты болды және болады – ұйым болсын, адам немесе корпорация болсын. Адамдар әр қадам сайын жаңалықтар мен ақпаратқа толы әлемде, сол себепті мұндай жұмысқа деген қажеттілік әрқашан болады.

Елімізде бұл мамандықты көптеген ұлттық, мемлекеттік және жеке университеттер оқытады. Бас қала, Астана қаласында Еуразия Ұлттық университетінде 10 жылдан астам оқытылуда.

 

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы, журналистика және саясаттану факультетінің түлектері бүгінде теледидар өндірісінде және радиода, мемлекеттік және жеке ұйымдардың баспасөз қызметтері мен PR-бөлімдерінде сұранысқа ие. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 27 штаттық бірліктен тұрады. Олардың ішінде Еуразиялық телерадио хабарларын тарату академиясының 1 корреспондент мүшесі, 5 профессор, 3 ғылым докторы, 2 PhD, 17 магистр бар.

Кафедраның басымдықтары:

  • теориялық дайындықтың жоғары сапасы;
  • еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке алу;
  • оқытудың практикалық бағыты;
  • жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен және университеттерімен ынтымақтастық, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады.

Әр жыл сайын факультет талапкерлерге өз есігін ашады. ҰБТ-ден 2 пән тапсырып, шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандық болғандықтан, университетке қатысты емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсуге мүмкіндігіңіз бар. Өзінізді болашақта PR саласында көріп, әлеуетіңіз бен мүмкіндіктеріңізді жүзеге асырғыңыз келсе, университетімізге келіңіздер!

Айша Досова

 

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *