Пиар мамыны оқу керек топ 3 кітап

Кітап білімге тұнып тұрған қазына. Ол ескірмейтін мұра. Атадан балаға қалып келе жатқан жазба оқулықтармыз біздің елде ғана емес, барлық әлем бойынша бар. Оқулықта бір саланы нақты түсіндіріп, ол заттың не екенін көрсетіп жазады. Қазіргі таңда өзің қызыққан әр салада туралы бірнеше мың кітаптар бар. Танып таңдау кейде қиынға соғады. Дәл сол үшін қоғаммен байланыс саласындағы жас мамандарға арналған қызықты да, қажетті ақпаратқа толы кітаптар тізімін ұсынатын боламыз.

 

PR туралы кітаптар:

1.PR на 100%

Не туралы?

Бұл кітап қысқа мерзімде PR әдебиетінің бестселлеріне айналды. “PR 100%” – бұл 65% практикалық ұсыныстар, 20% практикалық жұмыс және іске асырылған жобалар, 10% әзіл және 5% теория.

Авторлар 10 жылдан астам уақыт бойы PR және маркетинг саласында жұмыс істейді, сондықтан олар өз тәжірибелеріне сүйене отырып кітап жазуды мақсат етті. Онда оқырман компанияның PR қызметінде шынымен қажет нәрсені ғана табады.

Кімдерге арналған?

Бұл кітап пиар саласында қызу жұмыс атқарғысы келетін, ресейлік тәжірбиеден өткен практикалық білім алғысы келетін адамдарға таптырмас оқулық..

2.PR высокого полета

Не туралы?

«Осының бәрін бұрында білсем ғой» деген сөзді жас пиар мамдары жиі айтады. Бұрында өз саланда тек өз тәжірбиен арқылы тануға болатын. Ал қазіргі таңда бұл кітапті оқу арқылы күнделікті әдістемелерді оқып, жұмысыңызға байланыстыра аласыз. Бұл оқулық компаниядағы топ менеджерлерге алға жылжуына өз көмегін береді.

 

Кімдерге арналады?

Бұл кітапті тек қоғаммен байланыс мамандарына, маркетологтарға ғана емес әрбір компаниядағы топ менеджерлерге де оқуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, пиар, сату саласында оқып жүрген студенттерге де өз пайдасын тигізеді.

3.Как разговаривать с кем угодно.

Не туралы?

Күнделікті біз әртүрлі адамдармен сөйлесеміз. Мейлі ол жұмыс барысымен болсын немесе дүкендегі сатушы болсын біз барынша әдеп сақтап, мейіріммен сөйлесуіміз жөн. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орната алу пиар саласында барынша қажет дағды. Міне дәл осы кітапті оқи отыра сіз кез-келген адамдармен сөйлесе алуды үйрене аласыз.

Кімдерге арналған?

Бұл дағдыны үйренгісі келген әрбір адам оқи алады. Дүкендегі сатушы да, мектептегі мұғалімде адамдармен жақсы қарым-қатынас орната біліуі керек, себебі олардың күнделікті жұмысы адамдармен тікелей байланысты.

Мінекей, ең қызықты деген топ 3 кітапты атап шықтық. Ең бастысы кітап оқыған сәтте оны тек жадымызға сақтамай, өмірімізде қолдана білу. Дәл сол сәтте бізде алға жылу процессі басталатын болады.

Дильназ Шахматова

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *