«ENU-Family Day – түлектер слеті 2023»

Жақында Еуразия ұлттық университетінің 27 жылдығы қарсаңында университетте мыңдаған адамның басын қосқан түлектер слеті өтті. Іс-шараның өткізілу күні ретінде мамыр айының 20-шы жұлдызы таңдалып, форум тұңғыш рет «open air» форматында өткізілген болатын. Бұл күні университет келген қонақтардың барлығын құшағын жая қарсы алып, олардың көңілін көтеру мақсатында ауқымды бағдарлама дайындады.

  Алдымен шуақты күн мен ашық аспан астында талантты жастардың  қатысуымен концерттік бағдарлама өткізіліп, ENU-Family Day өз бастауын алды. Университет түлектері сөз сөйлеу барысында жылы естеліктерін еске алып, өзіндік тәжірибелерімен бөлісті. «Samuruk» – би-ансамблі мен «E-studio» – әншілері бірігіп естен кетпес шоу жасап, «Дала сазы» – ансамблі мен «Евразия бэнд» – тобы өз ойындарымен керемет эмоция сыйлай отырып, жас таланттар концерттік бағдарламаны жоғары деңгейде өткізді.

 

  Оған қоса бағдарлама: қазақша күрестен «ENU барысы»турнирі тәрізді көптеген мәдени, спорттық және ғылыми бағыттағы түрлі іс-шараларды, ұлттық қолөнер және кітаптар көрме-жәрмеңкелерін, PechaKucha форматындағы «ENU Research» атты танымал ғалымдардың жобаларын таныстыруын, «Ұстаз» коворкинг-орталығының ашылу салтанатын, Endowment fund ұйымдастырған қайырымдылық лотореясын, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын және тағы да басқа қызықты мастер-класстар, бірегей шығармашылық аймақтар менфотосессияларды қамтыды. Ауқымды бағдарламаның аяқталысымен, университет түлектеріне факультеттер бойынша арнайы экскурсия өткізілді. Бұл күні түлектерден түрлі сұхбаттар алынған болатын. Ол сұхбаттарыңдатүлектер өз жастық шақтарының ең жарқын сәттерімен, алған мол тәжірибелерімен, кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, заманауи трендтерді түсіру арқылы жастарға қолдаукөрсетіп, барынша белсенділік танытты.

  Осы жылы өткен түлектер слеті Еуразия ұлттық университетінің тарихында және бұл күні қонақ болып келген барлық түлектердің есінде мәңгі болып қалары айдан анық. Бұл күн ұмытылмас эмоцияларды сыйлап қана қоймай, бақытты студенттік өмірдің атмосферасын қайта сезінуге мүмкіндік бере алды.

 

Сабина Тасболат

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *