Голливудтың төрінде сәнді жігіттер

Голливудта, не болмаса кез келген жерде адамның киім киісі өте маңызды. Ол ер адам болса да, әйел адам болса да. Ал бүгін әлемге танымал, өзінің ерекше бейнесімен көпшіліктің есінде қалған кино актерлері туралы сөз қозғаймыз. Джордж Клуни, Брэд Питт немесе Уилл Смит сияқты “ескі голливуд жұлдыздары” емес, жаңа заманның жас жұлдыздарын алдық.

Лиам Хемсворт

Актер көпшіліктің алдына шыққанда көбінесе смокинг киіп шығатынын айтады. Оған қара түс аса қатты ұнамайды, бірақ кейбір іс-шараларда киюге кеңес береді.

Қарапайым өмірде ол өзгелер сияқты қарапайым киінеді.

Дуглас Бут

Бұл жігіттің сәнді киімдері туралы көптеген жылдар бойы адамдар мен БАҚ өкілдері таласып айтып келе жатыр.Тіпті бұл жігіт туралы:”ол  Burberry жейдесінде дүниеге келген”  деген әзіл бар.Ол өзінің талантты ойынымен көп адамның көңілінен шыға білді.

Дэниел Рэдклифф

Дэниел Рэдклифф өзінің 11 жасында Гарри Поттер фильімінде басты рөлді сомдап, баршаның назарында болғанын білеміз. Соның нәтежесінде ол туралы көптеген пікірлер айтылып, киім үлгісін сынға алушылар қаптап кетті. Бірақ 2013 жылы ол өзінің киім бөлмесін бірнеше сәнді костюмдермен толықтырды.

Зерлен ЕРКІНБЕК

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *