Бір үзік сыр

       Үнді қыздарының келбеттеріне тамсанып, сұлулығына сүйсінбеген адам жоқ шығар, сірә. Жібектей жылтыраған қолаң шаш, балғындай үлбіреген тері, әйел нәзіктігі, бәрі де үйлесім тапқан үнді аруларының сұлулық құпиясы неде екен?

      Үнді әйелінің күтімі – анасының қызына кішкентай кезінен үйрететін ғибадаттарының бірі.

   Олардың үнемі жасарып, жаңарып жүрулерінің алғашқы құпиясы – «сұлулық рәсімінде». Олар күтінуді 25-30 жастарында бастамайды және табиғи, таза күтінуді дұрыс деп есептейді. Сәйкесінше, бала кездерінен тұрақты түрде әрі ұзақ уақыт бойына қалыптасқанөзіндік күтіну қағидалары бар.  Мәселен, біздегі тіс тазалау дағдысы сияқты. 

   Екінші құпия – табиғи майлар. Олар, кокос майы,  жаңғақ майы, куркума, шикакай, роза жапырағы, лимон шырыны сияқты таза өнімдерді ғана қолданады.

     Үшінші құпия – аюрведа. Бұл олардың сұлулық ғылымы. Онда бет терісінің түсін анықтаудан бастап, тамақтану рационына дейінгі құпиялардың бәрі бар.



      Ал, енді сіз бен біздің күтімімізге қолайлы, қарапайым құпиялармен бөлісейік:

  • Үнді қыздары беттерін жуарда сабынды көпіршітіп алып, оған бір шым-шым қант қосып, беттерін біраз уқалайды екен. Содан соң жылы сумен жүздерін шаяды. Сонда жүздері бал-бұл жайнап, беттерінде безеу болмайтын көрінеді.

  • Бір жарым ас қасық қантқа жарты ас қасық су қосып, ақырын отқа қою керек. Қоспа қатая бастағанда оттан алып, көпіршіп араласқан жұмыртқаның сарысын қосады. Бір минутқа тағы да отқа қойып алып, бір шай қасық лимон шырынын қосу қажет. Бұндай қоспамен үнді қыздары беттерін тазартады. Әсіресе, бұл құрғақ бетке таптырмас тазартқыш бола алады.

  • Сондай-ақ, үнді қыздары көкөніс қайнатқан суды төгіп тастамайды. Әсіресе орамжапырақ, бұршақ, шпинат қайнаған суды міндетті түрде бет жууға пайдаланады. Өйткені, бұл суларда дәрумендер аса көп. Тағы бір айта кететін жайт, бұл суларды көп сақтамай, дереу пайдаланған жөн. Ұзақ тұрып қалса құрамындағы дәрумендер жойылып, бет үшін емдік пайдасы болмай қалады.



                                                                              Ақерке Берденбекқызы.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *