Ғарышпен үйлесім тапқан – ғарыштық стиль


    Бұл стиль – Ю. Гагарин, В. Терешкова және басқа да әлемге танымал ғарышкерлердің дәуірінде ғана емес, сонау 60-жылдардағы көрнекті дизайнерлердің шығармашылығынан туған ерекше стиль түрі. Тәжірибелі дизайнерлер бір сәт қиялға ерік беріп, сол уақыттағы сәнқойлардың  сәнге деген қызығушылығын арттыра түскендей-ақ. Сол замандағы дизайнерлер топтамаларында дөңгелек пішінді күннен қорғайтын көзілдірік, ғарышкердің скафандрына ұқсас комбинезондар, қызықты формадағы бас киім түрлері болған. Бір қызығы, ғарыштық стиль бүгінгі күнде де өз актуалдылығын жоғалтпаған, бүгінгі күннің сәнқойлары арасында да өте танымал.

       Түрлі кештерге киіп жүрген көйлегіміздегі ғарыштық элементтерді байқай бермейтініміз рас. Ал, таңдауға келгенде көпке дейін сарылып, көйлекте бедерленген белгісіз мүсіндерді немесе жылтыр дүниелерді жақтырмай қалатынымыз бар. Алайда, ол белгісіздердің астарында ғарыштық идеяның барын ұмытпағанымыз жөн болар. Ендеше, мен сіздерге ғарышпен үйлесім таба білген 5 түрлі сәнді көйлектер топтамасын ұсынамын:


Аружан Әлкен

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *