Кәріс аруларының сұлулық сыры неде?

     Әлемдегі бет күтімі мен сырт әлпеті жағынан  әдемі халықтардың бірі кәріс сұлулары екені даусыз. Себебі, киноларында ерке қылығымен, әдемі күлкісімен көп жігіттердің арманы болған. Осы сұлулықтың сыры неде, бірге анықтап көрейік.

     Олар, ең алдымен, біз мән бермейтін дүниелерге ұқыпты қарайды. Мысалы, бет әлпетіндегі қарапайым бояуды сүрту үшін жиырма минут уақыттарын жұмсайды. Сонымен қатар, бетті әрлеген кезде де табиғи таза өнімдерді пайдаланғанды дұрыс көреді. Қыз –келіншектерге белгілі  Кореяның опа – далаптары қымбат болғанымен, сапасы жағынан ешкімге есесін бере қоймас. Кәріс сарапшыларының пікірінше күнделікті жағып жүрген тональный креміңізді ВВ, СС кремдерімен ауыстырыңыз. Ол бетіңізге тегіс жағылып, өзіндік реңін сақтап қалады екен. Және де бетке ауа жіберіп,бетті құрғап кетуден сақтайды.   Сонымен қатар, бояуларыңызды жиі ауыстырып тұру да бетке жақсы әсер ететін көрінеді. Кешке қолданатын бетке арналған маскаларыңызды теңіз өнімдерінен  жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл бетті тыныштандырып, майлануды азайтады.

      Бетті жуып болған соң орамалмен емес, ас үйінде пайдаланатын майлықпен сүртіп отырған жөн. Зерттеулер дәлелдегендей, орамалда екі күн ішінде бактериялар жиналып қалады. Ал, бұл өз кезегінде теріге үлкен зиян тигізеді. Әрқашан әдемі де, көрікті көріну дәл осындай қарапайым дүниелерден басталатынын ұмытпаңыз.

                                                                                                    Қалилаева Әсемгүл

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *