Тез танымал атану – қазіргі жастардың арманы. Бүгін мен тикток әлеуметтік желісінде қалай тез оқырман жинап, жұлдыз болудың жолдарын көрсетемін. Әрине, сапалы контент бірінші орында. Ал оны жасау үшін сапалы телефон керегі айтпаса да түсінікті болар. Ендеше ең маңыздыларына тоқталайық.
- Жиілік
Неғұрлым жиі контент салсаңыз, соғұрлым тез аудитория Сізге үйренісе бастайды. Сіздің келбетіңіз, өзіңізге тән қимыл-қозғалыстарыңыз экран бетіне көп шыққан сайын, Сізге жазылатын оқырмандар саны да арта түседі. Сол себепті күніне кем дегенде 3-4 видеодан жүктеңіз.
- Трендтен қалмау
Қазір қандай әуендер трендте, соны байқаңыз. Оқырман жинағанша тым терең мағыналы видео түсіру маңызды емес. Алдымен жай әзіл-қалжың қосылған видеолардан бастаңыз.
- Нақты бір уақыт таңдау
Бұл әр қолданушыда әртүрлі болады. Бұған дейін жүктелген видеоларыңыздың статистикасын ашып, ең көп қаралым қай уақытта болғанын көріңіз. Сол сағат көрсеткіші Сіздің «алтын» уақытыңыз болмақ.
- «Жарнама»
Егер тез арада видеоларыңыздың көп қаралым жинағанын қаласаңыз, баптаулар бөліміндегі «жарнама» пәрменін басуды ұмытпаңыз. БІРАҚ мұндай жолмен салынған видеолар көрермендердің қызығушылығын қашыратынын естен шығармағаныңыз жөн.
Дана Бекмырза