Баспаналы болам десеңіз

Жуырда баспана алғысы келіп жүргендерге қандай бағдарламалар бар, баспана бойынша экспертіміз Қайрат нарықтағы бірнеше бағдарламаны  ұсынды.

Қайраттың айтуынша, осы бір оңай емес кезеңде халыққа мемлекеттен тиімді бағдарламалар жетіспей тұр,алайда мемлекеттік бағдарламалардан бөлек ипотека мен несие алу арқылы да баспанаға ие болу мүмкіндігі бар.

– Дәл қазіргі сәтте халық үшін қандай мемлекеттік бағдарламалар бар және олар кімдерге арналған?

Негізінен  қазақстандықтарға әртүрлі жолмен баспана алуға болады. Ол үшін арнайы ипотекалық бағдарлама мен  қызметтік баспана беру мүмкіндігі немесе әкімдіктегі  азаматтардың кей тобына беретін баспана түрі бар.

– Соның ішінде мемлекет тарапынан қандай топтар үй ала алады?

Бұл жағдайда  мемлекет азаматтардың әлеуметтік және экономикалық тұрмыс – тіршілігіне көңіл бөледі ,яғни мемлекеттік баспана арнайы топтар үшін қарастырылған .

– Қандай топтар екенін нақтыласақ?

Баспана алуға құқығы бар азаматтар қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тұрмысы төмен азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар бар.

–  Осы топтағы жандарға қандай тұрғын үй беріледі, ерекшеліктер бар ма?

Жалпы «Тұрғын үй қатынастары»  туралы заңымыз бар , яғни мемлекет адам басына шаққанда беретін тұрғын үй ауданы 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес болуы тиіс. Егер отбасыда ауыр дертке шалдыққан науқас болса, оған жеке бөлме беріледі. Сонымен қатар отбасыда жүктілік мерзімі 22 аптадан асқан аяғы ауыр әйел болса ,үлкенірек пәтер берілуі мүмкін. Халықтың жағдайына , әл ауқатына қарай баспана бағыты өзгеріп отырады.

–  Бұл санатқа кірмейтіндер үшін қандай бағдарлама мен ұсыныстарыңыз бар?

Бұдан бөлек түрлі ипотекалық бағдарламалар бар , ішінде тікелей банк арқылы жұмыс істейтіні де  бар . Соның ішінде “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 5 пайыздық  ипотека алуға болады. Ол Отбасы банк арқылы рәсімделеді. Ипотека шарттарына тоқталсам, кредит мөлшерлемесі – 5%, бастапқы жарна – 20%.

Пәтер дайын күйінде беріледі. Оны таңдау мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар үшін салық жеңілдігі қарастырылған. Ай сайын ипотеканы өтеу үшін төленетін сома мөлшерінде жалақыдан табыс салығы ұсталмайды. “Ұмай” атты да ипотека бар, бұл бағдарлама әйелдерге арналған. Онымен 30 миллион теңгеге дейін несие алуға олады. Елорда жастарында қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін, бастапқы жарнасы  – 10%, несиені қайтару мерзімі – 25 жылға дейін.

–  Елорда жастарына кімдер қатыса алады?

Бұл жобаға мұғалімдер, дәрігерлер , журналистер , мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, әлеуметтік қызметкерлерлер қатыса алады және арнайы өзінің жеке  талаптары да  қарастырылған.

–  Жуырда  қандай бағдарламалар іске қосылады?

9-20-25 бағдарламасы жүзеге асуы мүмкін ,  мөлшерлемесі  9 пайыз,  25 жылға ипотекалық несие береді. Ол үшін 100 млрд теңгені нарықтан тарту және «Отбасы банкінің» таза табысынан 50 млрд теңге бөлуді  қарастыруда. Бағдарлама негізінен жастарға арналуы мүмкін деген ақпарат бар . 8 мың отбасы немесе  жастар ипотеканы алуға мүмкіндік алады.

Күннұр Болатбек

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *