«Реал» Хаби Алонсоға толық сенім артады және Винисиусты жазаламайды

«Реал Мадрид» Винисиус Жуниордың «Барселонамен» өткен классикодағы әрекетіне байланысты жағдайды Хаби Алонсоның өзіне сеніп тапсырды.

Бразилиялық вингер Ла Лига матчы кезінде ауыстырылған сәтте ашуға беріліп, бас бапкермен қол алысудан бас тартқан еді.

Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, мадридтік клуб Алонсоның ісіне араласпайды және оған толық еркіндік береді. Клуб басшылығы испандық маманға ерекше риза және одан үлкен үміт күтеді.

Хаби Алонсо Винисиуспен жеке сөйлесіп, жағдайды өзі шешпек. Ал клуб басшылығы футболшыға ешқандай жаза қолданбайды.

Әли Нұржанұлы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *