АБАЙ күні – Abay Plaza ашылды

Абай күні  – Алматы қаласында Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні – 10 тамызда  Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жаңа заманауи сауда орталығы — Abay Plaza есігін айқара ашты.

Abay Plaza – бірнеше буын алматылықтардың сүйікті орны болған «Тигрохауд» базарының жаңа келбеті. Енді бұл – жарық, кең, ыңғайлы және заманауи форматтағы сауда орталығы – енді Абай атамыздың атымен аталмақ.

Abay Plaza – дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігі. Мұнда өз ісін осы базардан бастаған сатушылар қайта оралып, Алматылықтарды қуантады.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойында, 10 тамыз күні Алматылықтар  Abay Plaza – ның ашылуына келіп, нағыз мерекелік көңіл-күйдің куәсі болды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына Алматылық кәсіпкерлер Абай атамыздың атымен аталған  заманауи форматтағы сауда орталығын ашып, лайықты тарту жасады.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *