«Пари Сен-Жермен» клубы өткен маусым қорытындысы бойынша тарихындағы ең жоғары табысын тіркеді. Париждік команда 2024/25 маусымында 837 миллион еуро көлемінде пайда тапқанын хабарлады.
Клубтың коммерциялық кірісі 367 миллион еуроны құраса, матчтардан түскен табыс 175 миллион еуроға жеткен — бұл да жаңа рекорд.
2011 жылы Qatar Sports Investments клубтың басқаруын қолға алғаннан бері, «ПСЖ»-ның жалпы табысы 99 миллион еуродан 8,5 есеге өскен.
Сонымен қатар, бұған дейін жалақы қоры кірістің 111 пайызын құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 65 пайыздан төмендеген.
Клуб мәлімдемесінде:
«Бұл тұрақты әрі жауапты қаржылық стратегияны көрсетеді және француздық пен еуропалық реттеушілерге оң сигнал жібереді», — деп атап өтілген.
«Пари Сен-Жермен» өткен маусымды тек спорттық нәтижелер тұрғысынан емес, қаржылық көрсеткіштері бойынша да өз тарихындағы ең табысты кезең деп бағалады.
Әли Нұржанұлы