ТОҚТЫ (21.03 – 20.04)
Тоқтыларға назар аударарлық басты мәселе – аяқ киімді дұрыс таңдау. Жаңбырлы наурыз айында образ жасауды аяқ киімнен бастасаңыз, қателеспейсіз. Аяқ киімнің түсі сөмкемен және белдікпен түстес болса, қалаған киім үлгісін кисеңіз болады.
ТОРПАҚ (21.04 – 20.05)
Торпақтар сұлулыққа, қымбат заттар мен сәнді әшекейлерге көп мән береді. Торпақтарға ашық әрі қою түстерді таңдаған жөн. Ашық реңктер арқылы торпақтар өз мінезін білдіре алады. Алайда, бір образда 3-тен артық түс болмауын естен шығармау керек.
ЕГІЗДЕР (21.05 – 21.06)
Егіздер үшін тұрақты сән үлгісі жоқ. Классика, модерн, ретро – аталған барлық сән үлгілері егіздердің құбылмалы көңіл-күйін ашып көрсетеді. Сондықтан, күнделікті образыңызды әрдайым өзгертіп, жаңа қырынан көрінуге тырысыңыз.
ШАЯН (22.06 – 22.07)
Шаяндарға жиі тәжірибе жасап, жаңа киім үлгілерін байқап көрген жөн. Тек жаттап алатын басты ереже – міндетті түрде аксессуарлардың болуы. Дұрыс таңдалған аксессуар – сәтті құралған образдың 60%-ын құрайды.
АРЫСТАН (23.07 – 23.08)
Арыстандардың әлсіздігі – алтын әшекейлер. Осы себепті, киім үлгісінде де артықшылықты сары, қызғылт-сары, сарғылт түске беру керек. Бұл кеңес тек киім және аксессуарларға таралады. Ал косметикаға келгенде, керісінше, күңгірт түстерді таңдаған жөн.
БИКЕШ (24.08-23.09)
Бикештерде сәнге деген туа біткен талғам болады. Олар ішкі түйсігіне сеніп, жүрегі қалап тұрған киім/аксессуарды таңдаса – қателеспейді. Бикештер бүкіл назарды киімге аударып, косметиканы минималды түрде қолдану керек.
ТАРАЗЫ (24.09-23.10)
Таразылар сәйкес келмейтін реңктерді қолданса да, қоршаған ортада бірінші орында болып, көпшіліктің назарында болғанды ұнатады. Осы әдіс арқылы олар өздерінің ерекшелігін сезінеді. Дегенмен, реңктерді бір-бірімен сәйкестендіріп, түстерді өзара алмастырғаны дұрыс.
САРЫШАЯН (24.10 – 22.11)
Сарышаяндарға сәйкес келетін киім үлгісі – классика. Мереке, кеш, тіпті күнделікті өмірде классикалық киім үлгісін таңдасаңыз, өз ортаңызда ең сәнді болатыныңыз – сөзсіз. Сондықтан, қарандаш пішіндес белдемше және тік жағалы жейде сіздің фавориттеріңізге айналуы керек.
МЕРГЕН (23.11 – 21.12)
Нағыз сәнқой мергендер күнделікті тәжірибе жасағанды ұнатады. Дәл осы беттеріңізден қайтпай, өз сән үлгіңізді ары қарай жетілдіре беріңіз. Көздің назарын бірден аударатын ашық түстерден қашпағаныңыз жөн.
ТАУЕШКІ (22.12 – 20.01)
Тауешкілерге суық түстер жақсы үйлеседі. Атап айтсақ: көк, көгілдір және сұр. Таңдаған киім үлгіңіз аталған түстерде болса, бет бояу, керісінше, жылы әрі қою түсті болғаны шарт!
СУҚҰЙҒЫШ (21.01 – 18.02)
Суқұйғыш қыздар киім/аксессуарларға қарағанда, косметикаға аса көңіл бөледі. Суқұйғыштарға сарғылт-қоңыр түстер жақсы үйлеседі. Сол себепті, әр суқұйғыштың сөмкесінде міндетті түрде қою кофе түсті ерін далабы болу керек.
БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03)
Балықтар осы айда жұртшылық назарының басты нысанына айналғалы тұр. Қоршаған сәнқойлар трендтің бастамасын сіздің үлгіңізге қарап, тани бастайды. Сол себепті, әрдайым жаңа үлгілерді іздестіре жүріңіз.
Нұрайым Жанат