Әйел – ер адамның көзімен

Мыңдаған жылдар бойы әйел затын тек бір сұрақ ойландырып келеді. “Ер азаматтың қалаулысы қалай болуға болады?” немесе “Тартымды әйел қандай болады және тартымдылықты қалай үйренуге болады?”. Бұл айтылған мәселе туралы шексіз айтуға немесе бәстесуге болады. Кейбіреулері: “Нағыз тартымды әйел болу мүмкін емес, әр әйелдің өзіне тән мінез-құлқы, тартымдылығы болады”-дейді. Ал бұл тартысты мәселе ер адамдардың көзімен қалай болады екен? Бірге талқылайық…

Әйел адам тек өзі қосылған адаммен ғана бақытты болуы керек. Сіз көп байқайтын боларсыз, қарапайым,сыртқы келбеті әдемі қыз әрқашанда  ер адамдардың көңілінен орын табады. Мысалы: Шығыстың жігіттері  болашақ жарының текті жерден шыққанын қалайды. Олардың түсінігінде текті жерден қыз алу,  тартымды әйелді табумен бірдей. Ал кейбіреулері үшін ең басты құндылық ол – ер адамға деген құрмет, ер адамды тыңдау, отбасына адал болу, аналық міндеттерін жақсы орындау. Ал батыстың  жігіттері әйел адамның бойынан мақсатына деген айқындылық, өз-өзіне сенімділік және білімділік сияқты қасиеттерді іздейді.

Көптеген еркектер ең алдымен әйел затының сыртқы келбетіне, содан кейін барып ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқына мән береді.

Ер азаматтар арасында осы мәселе туралы біраз сұрақтар мен жауаптар қозғалған болатын. Олар, әрқайсысы, арманындағы тартымды әйелді өз ойларынша жеткізді. Сонымен:

1.Әдемілік – келісіңіз, бет пішіні әдемі келген, ұзын шашты, қарақат көзді, бұраң белді, қиғаш қасты қыз әркімнің де көңілінен шығатыны анық.

2.Білімділік – әр қашан қиыншылық болғанда қасынан табылатын, ақылшысы бола алатын, жақсы ақыл кеңес беруші қай еркектің болсын арманы болар.

3.Киіну үлгісі – “адам көркі-шүберек” демекші ер адамдар әйел адамның жақсы киінгенін қалайды. Қатты көңіл аударарлық, ашық-шашық болмауы керек деген ойда біраз жігіттер.

4.Көңілді болу – ер адамдар әрқашанда әдемі, көрікті қыздарды есте сақтамаса да, көңілді қыздар көп уақыт жігіттердің есінде қалады. Сондықтан барша қыздар құлақтарыңызға алтын сырға, күлімдеп жүріңіздер.

5.Төзімділік – жігіттерге ұнайтын құндылықтардың бірі. Әйел заты қоршаған ортада болып жатқан жайыттарға еш мойымау керек. Басқа түскен қиындықтан құтылып шығу неме бірбеткей болу жігіттер қауымына ұнайды.

Зерлен ЕРКІНБЕК

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *