«FARABI WORLD» АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ даласының асыл перзенттерінің ең жарық жұлдызы – Әбу Насыр әл-Фараби. Х ғасырдан бастап қазіргі таңға дейінгі мың жылдан астам уақыттың ішінде ұлы бабамыздың еңбектері әлем ғалымдарының сусындар кәусәр бұлағына айналды. Ұлы ғұламадан қалған мирас ғылымның түрлі саласын қамтиды, әрі өте құндылығымен ерекшеленеді. Оның философия, социология, логика, эстетика, этика және басқа да жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым салалары бойынша айтқан теориялық тұжырымдары Дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады.

ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын 2020 жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осыған орай, «Қазақстан жастар фракциясы» Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе «FARABI WORLD» атты жас ғалымдардың on-line форумын өткізеді.

Форумның спикерлері Халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты – Тұрғанбаев Асқар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының доктор– Жақып Алтаев, Әдебиет және өнер институтының директоры, философия ғылымдарының докторы – Кенжехан Матыжан, Халықаралық музейлер комитеті ICOM KAZAKHSTAN құрметті мүшесі – Оразымбетова Бакытхан, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, педагогика ғылымдарының доктор, профессоры – Муналбаева Үмітхан, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор – Ислам Жеменей, Өнер баспасының директоры, жазушы, публицист – Көпішев Әшірбек.

Форум аясында 21.09-02.10.2020 күндері Жамбыл атындағыжасөспірімдер кітапханасындаonline форматында «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар өтуде.

Сонымен қатар, келесі іс-шаралар өтеді:

21.09-30.09.2020 күндері Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында onlineформатта «әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар;

01.10-14.10.2020 күндері Алматы музейінде onlineформатта «Әлемдік өркениеттегі әл-Фарабидің рухани мұрасы»  атты кездесу;

02.11-13.11.2020 күндері Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде online форматта «Қазіргі замандағы әл-Фарабидің философиялық және мәдени ілімдері»   атты дөңгелек үстелі;

Әл-Фарабиге қатысты фотокөрмелер жоспарланған.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *