90-ыншы жылдардың жастары не дейді?

       Нағыз сәнқой, даңғой болатын уақыт – 18-19 жас аралығындағы  албырт  шақ. Қайран жастық шақ. ХХІ ғасырдың жастары болғандықтан, алдыңғы ғасырдың «модасы» ерекше қызық көрінеді.  Сол себепті, 90-ыншы жылдардың жастарынан сол кездегі сән туралы бір-екі ауыз сөз келтірейік.

         Өткенді еске алып, сәннен сыр шертпек болғандардың естеріне бірден шаш үлгісі оралады. Каре. Иә, сол заманда «каре»  ерекше хит болған көрінеді. Аталған шаш  үлгісі үшін талай қолаң шаш кесілді десеңші!

     Ал, ұзын шашын қиюға қимағандар шаштырын жылтыратып, бұйралап жүретін болған.

       Айтпақшы, 90-ыншы жылдардың жастары мынадай кеңес береді. Егер, қолыңызда шаш қатыратын лак немесе гель болмай қалса, еш алаңдамаңыз. Жылы суға қант қосып, пайда болған қоспаға тарағыңызды малып, тарап жіберсеңіз шашыңыз жып-жылтыр болып, қатып қалады.

       Егер, шашыңызды бұйралайтын бигудиіңіз жоқ болса, бас қатырудың қажеті жоқ. Қара шай мен шүберекке оралған қағазыңыз болса болды. Шашыңызды ұзақ уақытқа, әдемілеп тұрып бұйралауға болады.

      Бір қызығы, киім-кешектердің сәнділерін алып қарасақ, дәл қазіргідей үзын пальто, плащтар, кең етекті шалбарлар мен белдемшелер , «over size» кеудешелер өте сәнді болған.

     Тағы бір кеңес, егер шалбарыңыздың тізесі жыртылып қалса, екі жағын бірдей қылып, әдемілеп, жамап, сәндеп алуға болады. Ех, 90-ыншы жылдардың жастары қазіргі заманда жыртық киімдердің сәнге айналғанын қайдан білсін?!

       Бүгінде ару қыздарымыз «лодочка» деп аталатын биік өкшеге құмар. 90-ыншы жылдарда да дәл осындай басы үшбұрыш біз өкшелер сәнді деп табылған екен.

    Сондай-ақ,  қазіргі джинс шалбарлардың фасондарының арасынан ең танымалы «mom’s jeans»  90-ыншы жылдардан қалған екен ғой…

 


Берденбекқызы Ақерке

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *