Хиджабтағы арулар

    Қыз баланың шашын көрсетпеуі ежелден келе жатқан дәстүр. Бұл бір жағынан тазалықтың белгісі болса, екінші жағынан мұсылман әйелдеріне парыз етілген. Кезінде орамалдың орнына тұрмыс құрмаған қыздар бөрік немесе тақиялар киген. Бертін келе ислам дінінің қоғамдағы орнына қарай, нәзік жандылардың көбі арнайы мұсылмандық хиджабтар мен орамалдар тағатын болған.  Әртүрлі, көздің жауын алатын шарфтар мен орамалдарды кез келген жерден ала аласыз, тек үйлестіріп таға алсаңыз болғаны.

      Сонымен қатар, арнайы ұзын етекті, заманауи стильге сай көйлектер де сәнге айналған. Мұндай көйлектер күнделікті тұрмыста да ыңғайлы болып келеді.  Қазіргі таңда арнайы той көйлегін осындай үлгіде тіктіру де сәнге енген. Хиджаб тәрізді фатаның сыртынан арнайы таспен безендірілген тәж кисеңіз нағыз ханшайым болып шыға келесіз.

      Түрлі брендтегі киімдер арасында мұсылман қыздарына арналған киімдерді тігу бәсекеге айналғандай. Бірі мерекелік кештердегі киімдерді шығарса, бірі талапқа сай, ықшамдап, спорттық үлгідегі киімдерді сатылымға шығарған.

     Әрбір сұлу әдемі болып жүруге лайықты. Оны алыстан іздемей-ақ, басыңыздағы қарапайым орамалды әдемілеп таға алсаңыз да жеткілікті.  Ол сіздің әйел заты екеніңіздің ең үлкен көрсеткіші болмақ. Сондықтан да, басыңыздағы орамалыңызды алтын тәжіңіздей көріңіз.


Әсемгүл Калилаева

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *