2018 жылдың көктемгі – жазғы маусымындағы сән үлгілері

          Маусым ауысқан сайын сән де өзгереді. Тіпті сән тенденцияларының түрлерін санап бітпейсіз. Егер де көктемгі гардеробыңызды әлі де жаңартпасаңыз, биылғы жылдың көктемгі және жазғы сән үлгілері топтамасымен таныс болыңыздар.

         Тренд №1: Манжетті шалбарлар

          Манжетті шалбарлар сәнді әрі еркін образ жасау үшін көмектеседі. Спорттық және биік өкшелі аяқ киіммен өте жақсы үйлеседі. Трендтегі мұндай жазғы шалбарлар жеңіл, жұмсақ матадан тігіліп,  артық салмағыңызды жасыруға да көмектеспек. Бұл киім үлгісі заманауи және этникалық стильді ұнататын қыз-келіншектерге таптырмас амал.

        Тренд №2: Шілтері           

             2018 жылдың ең маңызды тренді – шілтер. Көздің жауын алатын  матаның бұл үлгісі шабытқа шектеу қоймайды! Оны барлық киім үлгілеріне қосымша ретінде қолдануға болады. Одан тігілген киімдер  жеңіл әрі сәнді. Егер сіз қыстың ауыр киімдерінен шаршасаңыз, бұл  сіз үшін таптырмас амал.   

       Тренд №3: Көлемді жапсырмалы қалта       

         Бүгінде киім үлгілерінде көлемді қалталардың болуы таңсық емес. Олар көбінесе сыртқы киімдерге үйлеседі. Әдемілік үшін ғана емес, қолданысқа да тиімді. Жаңа маусымдағы киім үлгілеріндегі қалтаның көптігінен гөрі, оның қандай екендігі маңызды. Дизайнерлер 2018 жылдың көктемгі – жазғы маусымына алмалы – салмалы үлкен қалталарды ұсынып отыр. Тағы бір маңызды аспект – қалтаның қолдануға ыңғайлы болуын ғана емес, жаңа әрі ерекше дизайнды болуын ескеріңіз.                                                            

Тренд №4: Ұзын шашақ (бахрома)       

          Бахрома – богемдік немесе кантри ( western) стилі. Ол міндетті түрде ұзын немесе өте ұзын болуы қажет. 2018 жылғы көктемгі және жазғы сән топтамаларын ұзын шашақты киім үлгілерінсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан, түрлі кештерде өзгелерден ерекшеленгіңіз келсе, көйлегіңізді бахрома стилінде таңдағаныңыз абзал. 

    Тренд №5: Қауырсын (перья)        

              Егер гардеробыңызда бахрома стиліндегі киіміңіз болса, қауырсынға да орын табылады. Көбінесе, кешкілік көйлектерге тән, дегенмен, дизайнерлер кез-келген киіммен үйлестіріп киюге кеңес береді. Тек, асыра сілтеп жібермесеңіз болғаны.

 Тренд №6: Кең жеңді 

           Осы маусымның тағы бір ерекшелігі-  киім үлгілеріндегі жең түрлерінің көп болуы. Кез келген киімді, жеңінің фасоны арқылы айрықша өзгертуге болады.  Кең жеңді киімдер сіздің өзгермейтін стиліңізді өзгертіп, кемшіліктеріңізді жасырады, не айқындайды. Сондықтан, бұл үлгіні таңдауда мұқият болыңыз.

Тренд 7: Oversize( кең өлшемді) 

           Оверсайз киімдерінің сәнге айналғанына біраз уақыт болды. Алайда, оверсайз киімдері осы маусымда да жаңа топтамалар қатарында. Оның өлшемі сырт көзге үлкен болып көрінуі мүмкін. Сондықтан, барлық киімді кең қылып киюдің қажеті жоқ. Ондай жағдайда артық салмақты болып көрінесіз. Егер бойыңыз ұзын болса, киімді 3-4 көлемге үлкен алсаңыз болады. Көзге түспейтін түсті таңдап, аксессуарлар тақпағаныңыз абзал.

          2018 жылдың көктемгі және жазғы маусымындағы сән үлгілерін ескеріп, өз стиліңізге сай жарасымды киім- кешек  таңдай біліңіз!

 

http://womenshealth.su/moda/trendy-v-odezhde-2018/

http://www.marchesa.com/collections/voyage/spring-2017

http://modnaya.org/modnye-platya/9214-modnye-platya-s-bahromoy-2018.html

http://modnaya.org/modnye-platya/9214-modnye-platya-s-bahromoy-2018.html

http://trendy-u.com/s-chem-nosit/bluzka-s-    shirokimi-rukavami-kupit-foto/

http://megazvezda.info/3656-odezhda-oversize-2018-50-foto-modnyh-tendenciy.html

 

 Жанайым Қуандық

INFOTIMES

One Comment

  1. Кеңестеріңізге рахмет.Гардеробымды көктемгі маусымға сай жаңартуыма септігін тигізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *