Бет күтіміне арналған пайдалы кеңестер

             Әдемі көріну үшін бет күтімі міндетті түрде қажет. Ал, бетіңіз таза әрі әдемі көрінуі үшін оның күтіміне жіті көңіл бөліп, пайдалы маскаларды қолданған дұрыс. Бет терісінің күтіміне немқұрайлық танытпау керек. Дүкен сөрелерінен сатылып алынған маска, кремдер бет терісінің үстіңгі эпидермис қабатына ғана сіңіп, беттің қысымына (тонус) жауап беретін астыңғы қабаттарына жетпей қалады. Сондықтан, сіздерге үй жағдайында жасауға болатын бет күтіміне арналған кеңестер ұсынамыз. Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек, кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті.

             Құрғақ бет күтіміне арналған маска. Үй жағдайында жасауға қолайлы бұл масканың  құрамы да тек табиғи өнімдерден тұратындықтан терісін ағартып, нәрлендіре түсіреді.

 

 

1. 1-2 ш.қ жарма (овсянка)- скраб рөлін атқарады

     2. 2-3 ш.қ қою қаймақ-құрғақ теріні құнарландырады

  3.  0,5 ш.қ лимон сығындысы- бет терісін ағартады

 

         Майлы теріге арналған маска. 2 ас қасық айранды 1 жұмыртқаның ақуызымен араластырып, 1 шай қасық бал қосыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 15 минуттан кейін салқын сумен жуып тастаңыз.

Сонымен қатар, ашыған айранды бетіңізге жақсаңыз, майлы теріні жақсы тазартады.

 

                Қазіргі экологиялық проблеманың салдарынан бетіміз жиі қабыршақтанып, құрғап, не майланып кетеді. Әсіресе, көктем, жаз айларында бетіміз ерекше күтімді талап етеді. Сондықтан, бетімізге арнайы күтім қажет. Бетті балғын күйде ұстайтын, нәрлендіретін , тек қана жеміс пен көкөністердің  көмегімен жасалатын түрлі маскалардың әдістермен таныс болыңыздар.

            Бет терісін ағартуға арналған маска. Қияр –  ағартатын және сергітетін қасиетке ие. Бұл маска түрі де  қарапайым – кішірек бір қиярды жуып, қабығын аршыңыз  да майда үккіштен өткізіңіз. Дайын болған қоймалжыңды,  бет терісіне қалыңдап жағыңыз да 30 минутқа  қалдырыңыз. Бетке жаққаннан соң терінің қатты  тартылғанын сезінесіз бірақ қорқудың қажет жоқ.  Масканы жуған соң, дымқыл орамалмен бетті жай сүртіңіз  де күнделікті жұмсартатын креміңізді жағып қойыңыз.

           Бет терісін тазартуға арналған маска.  Бұл маска кез келген бет терісіне жағымды әсер етеді, бет терісін нәрлендіріп, тазартады. Бұл масканы дайындау үшін сізге жарты банан, алманың төрттен бір бөлігі және бал қажет болады. Алманың қабығын аршып майда үккіштен өткізіңіз, бананды да езіп, алмамен, балды араластырыңыз. Дайын қоймалжыңды 15-20 минутқа жағып, салқын сумен шайып жіберіңіз.

Индира Жұмагелді

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *