Қоқыс мәселесі – ғасыр қасіреті

Әлемдегі күрделі экологиялық жағдай бүгінгі күннің өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Адам баласының шаруашылықтағы кез келген әрекетінен шыққан әртүрлі қалдықтар биосфераны ластауда. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер тудыруып, флора мен фауна түрлерінің азаюына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етуде.

Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жерасты суларына жағымсыз әсерін тигізеді.

Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп, тыныс алу жүйесі аурулары мен репродуктивті және иммундық жүйелердің ауытқуларына әкеп соғуы мүмкін. Аса қауіп төндіретін органикалық зат – диоксиндер. Олардың әсері цианды калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі.

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зор қауіп тудыратын қатерлі зат – фильтрат. Ол қоқыс алаңдары аумағынан жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез сияқты ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Сондықтан, қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру өте маңызды және қажетті.

Қазіргі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Бірқатар еуропалық елдер полиэтиленді құтыларды шығарудан бас тартса, енді бірі қоқысты түрлі заманауи жолдармен өңдеуге бет бұрды. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті. Соның нәтижесінде, ондағы шыны зауыттарының 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Сондықтан, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша, ел аумағында 120 миллион тонна қоқыс жинақталған. Әрі бұл көрсеткіш жылына кем дегенде 5 миллион тоннаға көбеюде. Сол қоқыстың  90 пайызы іске аспай, рәсуа болып қалуда. Бұл жайт еліміз үшін күрделі проблемаға айналған. Елбасының тапсырмасымен «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес, қалдықтарды өңдеу үлесін 2030 жылы – 40 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға көтеру көзделген.

Алайда халқымыз мұндай өзгеріске дайын емес. Мәселен, көпқабатты үйлерден шығатын қалдықтардың тек 1 пайызы ғана сұрыпталатындықтан, қоқыс жәшігінде олардың бәрі араласып кетеді. Соның салдарынан тыйым салынған заттар қоқыс полигондарында жинақталып жатады.

Үлкен қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ел болып жанашырлық танытуымыз қажет.  Ол үшін жүрген жерімізді ластамай, күл-қоқысты сұрыптау өте маңызды.

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері (аудио)

Әзірлеген ЕҰУ Журналистика

және саясаттану факультетінің

Қж-41,43 тобының студенттері

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *