А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтеді

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы2020 жылғы  18 қыркүйекте онлайн режімде Оқытушылардың А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – Алаш қайраткері, ұлт ұстазы, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушыАхмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеяларын жаңғырту, оның ғылыми тұжырымдарыныңтілді оқытудағы заманауи әдіснамаменсабақтастығынзерделеу. Байқау барысында  тіл үйретуші мамандардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту  және оны сапалы оқыту мақсатында ғалым идеяларын жүйелі жалғастыруы, оның тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерін өз жұмысында үйлесімді қолдануы бағаланады. Шара аясында өңірлерде мемлекеттік тілді оқытумен айналысып жүрген әдіскер мамандар, оқытушыларөзара тәжірибе алмасады, әдістемелік біліктіліктерін шыңдайды, озық тәжірибелерімен бөліседі.

Республикалық байқау төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінің А1 деңгейіне арналған 15 минуттық бейнесабақ  үлгісінкөрсетеді. Бейнесабақ үлгісінде оқытушылардыңА.Байтұрсынұлы әдістемелік идеялары менинновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігі бағаланады. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар А.Байтұрсынұлының өмірі, қызметі мен шығармашылығы, әдістемелік ой-пікірлері қамтылған  тест тапсырмаларын орындайды.

Үшінші кезеңде ғалымның  шығармашылығы, тіл үйрету тәсілдері, әдістемелік мақалалары, сондай-ақ тіл үйрету сабақтары барысындағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаятқа байланысты бейнесұрақтар ұсынылады. Байқаудың төртінші кезеңінде қатысушылар өздерінің соңғы жылы шыққан оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми-әдістемелік мақалалары және шығармашылық жетістіктерімен таныстырады.

Аталған шараға еліміздің 11 өңіріндегі Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысады.

Елімізге танымал ғалым, педагог,әдіскерлерден құралған қазылар алқасы республикалық байқау  жеңімпазын анықтайды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 44-88-68

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *