Мемлекеттік қызметшілер Нью-Йоркте БҰҰ тәжірибесін зерделеуде

Астана мемлекеттік қызмет хабы қатысушы елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдері меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің адами ресурстарын басқаруды дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинарға жиналды. Жиынды Нью-Йорктегі (АҚШ) Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссиясымен (ICSC) бірге Астана мемлекеттік қызмет хабы ұйымдастырды.

Қатысушылар 2022 жылдың желтоқсанында Баку семинарында басталған талқылауларды жалғастыра отырып, БҰҰ тәжірибесіне негізделген заманауи стратегиялық адам ресурстарын басқару тәжірибесін тереңірек қарастырды.

Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық комиссиясы төрағасы Ж.М. Ларби Джакта жиынды аша отырып, қазір ұйымдарда белгісіздік пен әрқилы динамикаға төтеп бере алатын тұрақты персоналдың болуы қажеттігіне тоқталды. Бұл мақсатқа жету үшін әртүрлі ортадан шыққан әрі дұрыс құндылықтары мен дағдылары қалыптасқан адамдарды тартуға және оларды ұстап қалуға назар аудару маңызды екенін атап өтті. Осы орайда Джакта Астана хабының қатысушы елдерге мемлекеттік қызметтегі мансаптың кәсіби моделін қалыптастыруға көмектесудегі ерекше маңыздылығы мен бірегейлігін атап өтті.

Комиссия өкілдері сондай-ақ іс-әрекеттер стандарттары, лауазымдарды саралау, еңбекақы төлеу жүйелері мен өнімділікті бағалауды қоса алғанда, БҰҰ Ортақ жүйесіндегі қазіргі заманғы персоналды басқару тәжірибесі туралы өз ойларын ортаға салды.

Хабтың басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов меритократияға негізделген мемлекеттік қызметті дамыту Хабқа қатысушы елдердің ортақ мақсаты екенін атап өтті. Бұл елдерде мемлекеттік қызмет істері бойынша мамандандырылған мемлекеттік органдар құрылуы мемлекеттік құрылымдардағы адам ресурстарын басқару бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің институционалдық және заңнамалық негізін тұтастай нығайтуға ықпал етті. Осы ретте аймақ елдерінің алдында белгілі міндеттер тұр, оларды тиімді шешу жекелеген елдердегі де, жаһандық ұйымдардағы да озық халықаралық тәжірибені, соның ішінде БҰҰ тәжірибесін зерделеуді талап етеді.

Семинар барысында БҰҰ тиісті институттары БҰҰ резидент үйлестірушілер жүйесі, ұйымның құндылықтары мен мінез-құлық жүйесі, өнімділікті басқару және таланттарды тарту бойынша сессиялар өткізді.

Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қатысушылар меритократиялық мемлекеттік қызметті құру үшін адам ресурстарын басқару бойынша өз тәжірибелері және жетістіктерімен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбай Қазақстанда мемлекеттік қызметтің гибридті моделі негізінде адамға бағдарланған және қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік аппаратты құру бойынша мемлекеттік қызметті жетілдіру шаралары жайлы баяндады. Ол сондай-ақ Агенттіктің Президенттік жастар кадрлық резерві сияқты жастарға арналған әлеуметтік лифттерді құру арқылы елдің кадрлық әлеуетінің сапасын арттыру жобалары және оқу үлгерімі жоғары университет түлектерін тікелей негізгі лауазымдарға тағайындау, жеке сектордан тәжірибелі мамандарды тарту мүмкіндіктері туралы айтты.

Американдық мемлекеттік басқару қоғамы (ASPA) атынан мемлекеттік басқару саласындағы көрнекті америкалық сарапшылар қатысты. ASPA атқарушы директоры Уильям Шилдске серіктестікке қосқан құнды үлесі үшін арнайы Хаб марапаты берілді.

Осы сапар барысында Алихан Байменов БҰҰ өкілдерімен, оның ішінде Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолиан Сюй, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік кеңсесінің директоры Дима Аль– Хатиб, БҰҰДБ гендерлік теңдік жөніндегі жаһандық директоры Ракель Лагунас және Саясат және бағдарламаларды қолдау бюросының Әкімшілік департаменті Сара Листер және басқалармен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ семинар аясында Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның хаб және уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі мен Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюросы директоры Ивана Зивковичпен кездесу өткізді. Олар бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Алихан Байменов Юта штаты губернаторы офисінде адам ресурстарын басқару және халықаралық қатынастар департаменттерінің өкілдерімен, сондай-ақ Бас прокурормен кездесу өткізді. Серіктестер хабтың CEPA 2024 және ASPA жылдық конференциясының аясында келесі жылдың сәуірінде өтетін іс-шараларға шақырылды

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *