Ганди атындағы № 92 лицей жүлдегер атанды

Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 12-13 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионатының қалалық іріктеу туры Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейде өтті.
Robotek Grand Tournament – оқушылар арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат.

Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты-спорттық білім беру робототехникасын дәріптеу, Қазақстанда инженерия және робототехника бағыттарын дамыту. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу.
Чемпионатқа қатысушылар (9-17 жас) мына номинациялар бойынша жарысты: «Роботек», «Инверсиялық линиядағы жарыс», «Робот жеткізуші», «Мерген-кіші санат», «Мерген-жоғары санат», «Туды жеткізу», «Робот сұрыптаушы».

Қалалық турдың жеңімпаздары 2024 жылғы 2-3 мамырда Астана қаласында өтетін “Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің екі командасы жүлделі орын алды.

Шерхан Төлепберген

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *