Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылғы 28 сәуір, сағат 14.00-де Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламалары» орталығы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде оқыту» тақырыбында балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдері мен оқытушыларға арналған вебинар өтеді.
Вебинардың мақсаты – ұлт ұстазының әдістемелік ұстанымдары мен тұжырымдарын, сауат ашу әдістемесінің қалыптасуына қосқан үлесін және ғалымның әдіс-тәсілдері мен шығармаларындағы жаратылыстану бағыты бойынша білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылау. Вебинарда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламалары» орталығының қызметкерлері Жанат Қажығалиева «А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі», Қаламқас Байтенова «А.Байтұрсынұлының әдістерін тәжірибеде қолдану», Гүлфар Мамырбек «А.Байтұрсынұлының әдістемесі» және Перизат Биғазина «А.Байтұрсынұлы шығармаларын жаратылыстану сабағында қолдану» тақырыбында баяндама жасайды.
Вебинар соңында мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппесінде» берілген тапсырмалар негізінде конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.
Вебинар ZOOM платформасында өтеді.
Конференция идентификаторы: 896 2092 3240
Код: 206284