Аударыспақ – ерлерге арналған қазақтың ұлттық ойыны

 Төл спортымыз бүгінде дамудың даңғыл жолында. 

Осы орайда аударыспақтан әлем чемпионы Біржан Қосалиевпен спорттағы жетістіктері туралы сұхбаттасқан едім.

Біржан аға спортқа қалай келдіңіз? 

Ауылда ол кезде аударыспақ пен көкпардан басқа спорт түрі жоқ болатын. Сосын өзімнің де ат спортына ат спортына қызығушылығым болды. Алғашында жаппай көкпармен айналыстым.

Алғашқы бапкеріңіз туралы айта кетсеңіз?

Бірінші бапкерім елімізге белгілі көкпаршы Ақылбай Маңкеев болды. Өте талапшыл бапкер болатын. Сол кісі көп нәрсе үйретті.

Аударыспақтан қай жүлдеңіз есіңізде қалды?

Есімде қалған жүлде 2011 жылы Алматы қаласындағы аударыспақтан Қазақстан чемпионатында алған жүлдем. Аударыспақтағы тұңғыш табысым болатын.

Аударыспақпен айналысамын деген адамға қандай қасиеттер керек?

Спорттың бұл түрінде білектің күші мен белдің мықтылығы қажет. Одан бөлек әдіс-айла да маңызды рөлге ие.

Бұл спорт түрінде бапкерлер жеткілікті ме?

Аударыспақ елімізде жақсы дамыған. Мықты бапкерлер мен талантты спортшылар жетерлік. Ірі жарыстар кезінде біздің спортшыларды Моңғолия, Қытай  сияқты мемлекеттер легионер ретінде командаларына шақырып жатады. Жаттықтырушылар жайлы айтқанда бірінші ойға келетіні – Жанбатыр Бекмұсаев. Жарыстарға команданы сол кісі дайындайды.

Қазір немен айналысасыз?

Ауылда жаппай көкпарға қатысып жүрмін. Ауыл жастарымен қызық үшін көкпар ұйымдастырамыз.

Алда қандай жарыстар бар?

Қазір Ақтөбе қаласындағы жарысқа дайындалып жатырмыз. Жүлдемен ораламыз деп ойлаймын.

Әңгімеңізге рақмет. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Байділдә Жангелді

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *