Поэзияның жанды сөзі

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» аясында ұйымдастырған «Поэзияның жанды сөзі-2022» Кемел Ақышев атындағы 69 мектеп-гимназия үйлестірушілері Мукушева Гүлнұр Оразбекқызы мен Байболатова Жанар Мергенқызы «Поэзияның жанды сөзі» атты қалалық конкурс жайлы бөліседі. Біздің мектептен 72 оқушы мен оларды дайындаған 36 ұстаз қатысты,яғни 1-11 сынып аралығындағы оқушылар белсенді болды. Биыл алғаш рет ағылшын тілі пәні біріктірілді.Ұстаздар оқушыларды өте жақсы дайндады,видеоларды ерекше монтаждады. Оқушылардың таңдаған өлеңлері әр адамның жүрегіне жетті деген ойдамыз.Барлық қатысушылар дипломдар мен сертификаттар және олардың жетекшілері алғыс хатпен берілді. Осы марапатты мектебіміздің директоры Рахметова Жұлдыз Қуанышқызы салтанатты түрде марапаттады. Осындай конкурс ұйымдастырған “Astana Polytechnic” Жоғары колледжі» ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, және мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Малдыбаева Рахат Ртаевнаның еңбегі зор!

Мукушева Гулнұр Оразбекқызы,
Кемел Ақышев атындағы 69 мектеп- гимназиясының
ағылшын тілі пәні мұғалімі

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *