АСУ БЕРМЕС АСҚАР ЖОҚ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте ұйымдастырылған Жазғы мектеп аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған оқу-жаттықтыру курсы өтіп жатыр.
Курс жетекшісі физика пәні мұғалімі – Тулеуова А.Б., тренерлер – халықаралық және республикалық олимпиадалар жүлдегерлері, мектебіміздің түлегі Темирлан Исмагулов және 11 – сынып оқушысы Кайроллаев Ернұр.
Физикалық есептерді шешуде танымдық қызығушылықты, зерттеушілік және шығармашылық қабілетті дамыту, эксперименттік тапсырмаларды орындау жолдарын меңгерту, бірлесе жұмыс жасау, өзара қарым-қатынас дағдысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жаттығу курсына оқушылар қызыға қатысуда.
Курс барысында физика пәнінен эксперименттер жасау арқылы тереңдетілген деңгейдегі есептердің шығарылу жолдары талданады. Алдағы күндері физиканың әр бөлімі бойынша бірнеше эксперимент өткізу жоспарланып отыр.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *