Астананың аязы кедергі емес

             Сәнді киіну? Елорданың салқын аязында уақытыңызды жылулық әлде сұлулық деген таңдаумен өткізесіз бе? Қабат-қабат киімнен шаршадыңыз ба? Сіздің уаымыңыздың шешімі табылды. Сізге киіп жүруге өте жеңіл әрі бағасы да арзан термо іш-киім көмекке келеді.

Термо іш киім деген не? Термо іш киім (термобелье) – синтетикалық матадан тігілген дене жылылығын сақтап тұратын іш киім. Киюге ыңғайлы термо іш киім адамның үсуіне не терлеуіне жол бермейді, адам денесіндегі жылылықты сол қалпында сақтап тұрады.

Пайдасы неде? Суықтан сақтайды. Өзі дем алып, денені де демалдырады.   Кигенде ыңғайлы әрі жұмсақ. Табиғи талшықтардың негізінде жасалады. Денені ауырлатпайды, денеге киюге өте жеңіл. Термо іш киімді +40 градустан аспайтын жылы суда жуу керек.     

Сыртынан қарасаңыз, термо іш киім кәдімгі іш киімнен ерекшеленбейді. Ерлер үшін іш киім, ұзын жеңді футболка түрінде, ал әйелдер үшін футболкадан бөлек, қысқа жеңді майка, шолақ шалбар(шорты) және лосина түрінде тігіледі. Дегенмен, оның артықшылықтарына ешкімнің де мінбері болмайтыны айқын.

Аружан Дәрібай

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *