«Поэзияның жанды сөзі»

Поэзия – таңғажайып дүние. Ол әлемге басқаша қарауға мәжбүр етеді, жүректе жиналған сезімді білдіруге мүмкіндік береді. Поэзия күнделікті күйбең тірліктен жоғары көтерілуге көмектеседі, рухани күш береді. Мейірімді әрі сенімді болуға көмектеседі. Сондықтан поэзия біздің өміріміздің бір бөлігі болуы кездейсоқ емес.

«Поэзияның жанды сөзі» атты 2022-2023 жылдары мерейтой болатын ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқу қалалық (on-line) байқауы елорданың білім беру ұйымдары арасында қатысушылардың рекордтық санын көрсетті. 1510 қатысушы мәнерлеп оқу өнеріне, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне деген қызығушылығын дамыта отырып, шығармашылық байқауда бақ сынады.

Болашақ ұрпақтыңшешендіктуралы білімі мен дағдысын, мәнерлеп оқу қабілетіндамыту мен қолдау мақсатында, сондай-ақ мәдениет және білім беру мекемелері арасындағы кәсіби байланысты дамыту мақсатында 2022 жылдың 1 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында қалалық байқауұйымдастырылды.

Қазылар алқасыныңқұрамына шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары  кірді, олар қатысушыларды орындаушылық деңгейін қарай бағалайды.

Қалалық байқау алғаш рет мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылып отыр, қатысушылар кіші, ортабуын, колледж және инклюзия санаттарына орай марапатталады.

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» Жоғары колледжі» ШЖҚ МКК келесі аталған ұйымдардың қолдауыменөткізіп отыр:ҚР БҒМ «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ, ҚР БҒМ «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ (бұдан әрі – ОКЖ) ұйымдастырушылық қызметтерін жүзеге асырады.

Байқау нәтижесі 26 желтоқсан күні

https://www.youtube.com/channel/UC7_5HOilzukKnYp_7NQ1U5g әлеуметтік желісінде жарияланады.

●Kitapqala;

www.youtube.com/channel/UC7_5HOilzukKnYp_7NQ1U5gканал«Живое поэтическое слово»

● polytech.astana

● kitapkala

● polytech.astana

●kitap_qala_reserve

●bogenbai_kitaphana

Исмагулова Мария

Туйлебаева  Құралай

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *