Батыл таңдау жасауға дайынсыз ба?

Сән әлемінде әрдайым қалыптасқан, тұрақты стереотиптерді жойып жіберетін тенденциялар бар. Онсыз ешқандай даму, инновациялық идеялар, түрлі киім комбинациялары мен батыл үйлесім болмайды. Өз табиғаты бойынша сән әлеміне адамдарды таңқалдыру тән. Алғашында бұл құбылысты көбі қабылдамаса да, уақыт өте келе бұл үрдіс жаңа тенденцияға айналатыны айқын.

Бүгінде классикалық смокингпен, кешкі көйлекпен кроссовкиді кию- сән апталықтарынан ерекше орын алатын образдардың бірі. Тіпті, бұл тенденция – тек «suit» стиліне ғана емес, күнделікті киюге ыңғайлы «casual» стиліне де тән ұтымды комбинация.

Қазіргі кезде аксессуардың түсі киіммен реңдес болуы маңызды емес. Демек, бір түсте киіну бүгінде «қызықты» емес. Сондықтан, әлемдік сәнгерлер кроссовка мен классиканы өз топтамаларына қосуда. Мұндай образға ақ, қара, сұр кроссовкалар жақсы үйлеседі. Өз үйлесіміңізді қолданам десеңіз, заманауи сән әлемінде сіздің қиялыңызға шек қойылмайды.

Бұл мақала жаяу жүруге ыңғайлы аяқ-киім іздеген оқырмандарымызға арналады. Тіпті той көйлегін кроссовкамен киетіндер де табылады. Бұл үлгі өздеріне бек сенімді қыздарға арналған болса керек. Ыңғайлылық немесе сұлулық. Ал, сіз қайсысың таңдайсыз?!

Аружан ДӘРІБАЙ

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *