«Қайрат» жастары «Олимпиакосты» тізе бүктірді

Алматылық «Қайраттың» жастар құрамасы УЕФА турнирінің кезекті турында өз алаңында Грекияның әйгілі «Олимпиакос» клубын қабылдап, маңызды жеңіске қол жеткізді. Кездесу Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында жабық түрде өтіп, трибуналарда тек футболшылардың жақындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ғана болды.

Ойын марқұм Кирилл Кекердің құрметіне бір минуттық үнсіздікпен басталды. Трагедияға қарамастан алаңға шыққан «Қайрат» жастары барынша жинақы ойнап, матч бойы қарсыласынан басым түсті. Жасанды төсенішке қарамастан алматылықтар шабуылды үдетіп, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады.

Кездесудің 4-ші минутында Рамазан Бағдат дәл соққымен есеп ашса, екінші таймда Мұхаммедәлі Әбіш 57-ші минутта тағы бір гол соғып, матчтың нүктесін қойды — 2:0.

Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» жастары турнирлік кестеде 28-орынға тұрақталып, лига кезеңіндегі алғашқы үш ұпайын қанжығасына байлады.

Али Манарбеков

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *