ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЙОГА КҮНІН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРМЕН ЖӘНЕ ЛАКШМИНАРАЯНА ЖАҺАНДЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІМЕН АТАП ӨТІҢІЗ

Астана қаласындағы Үндістан Елшілігі және Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы (SVCC) 2026 жылғы Халықаралық йога күнін (IDY), «Йога – салауатты ұзақ өмір сүрудің кепілі» жаһандық тақырыбы аясында Қазақстан бойынша жаппай атап өтуді ұйымдастырады.

  1. Бұл мерекелік шаралар Үндістанның бастамасымен 2014 жылы Қазақстанды қоса алғанда, 177 ел қолдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарары қабылданғаннан кейін жыл сайын 21 маусымда атап өтілетін бүкіләлемдік қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Үндістан Үкіметінің Аюш министрлігі мен Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі кеңесі Халықаралық йога күнін атап өтуге өздерінің дүниежүзілік ауқымдағы алдыңғы қатарлы бағдарламасы ретінде үлкен маңыз береді.
  2. Халықаралық йога күні 2026 жылғы 21 маусымда сағат 08:00-де «Астана Арена» стадионында атап өтіледі және оған мыңдаған қатысушылар, соның ішінде мемлекеттік мекемелердің, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, денсаулық сақтау мамандары, білім беру мекемелері, спорт ұйымдары, йога қауымдастықтары мен қала тұрғындары жиналады деп күтілуде.
  3. Елде йоганың танымалдылығы артып келе жатқанының көрінісі ретінде, Астанадан бөлек, Йога күніне арналған іс-шаралар жергілікті әкімдіктермен, білім беру мекемелерімен, сауықтыру орталықтарымен және йога ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстанның жиырмадан астам қаласында өтеді.
  4. Үндістан Елшілігі Қазақстанда йоганы қолдаушылар қатарының артып келе жатқанын зор қуанышпен қабылдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2026 жылғы қаңтарда «Түркістан» ұлттық газетінде жарияланған сұхбатында йоганың оның өмірінің бір бөлігіне айналғанын атап өтіп: «Мен күнделікті йогамен айналысуды әдетке айналдырдым», – деді. Мемлекет басшысының бұлай жоғары баға беруі қазақстандық қоғамда салауатты өмір салты, аурулардың алдын алу және әл-ауқат туралы түсініктің нығайып келе жатқанының айғағы.
  5. 2026 жылғы Халықаралық йога күні мерекесі аясында 2025 жылғы қарашада екі ел арасында Дәстүрлі медицина саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Үндістан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі медицина, сауықтыру және салауатты өмір салты саласындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанының көрсеткіші ретінде Аюрведа саласына да ерекше мән беріледі.
  6. Халықаралық йога күнін мерекелеу аясында, Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Үндістан Елшілігі мен SVCC 1997 жылы Астана филармониясының симфониялық оркестрін құрған қазақстандық маэстро Абзал Мұхитдин мырза бастаған Қазақстанның Халық әртістерімен бірлесіп, әйгілі скрипка маэстросы Падма Вибхушан орденінің иегері Др. Л. Субраманиам мен Виджи Субраманиам негізін қалаған әлемдегі жетекші халықаралық музыка фестивальдерінің бірі – 2026 жылғы Лакшминараяна жаһандық музыка фестивалінің (LGMF) қазақстандық нұсқасын ұсынады. Фестиваль аясында Др. Л.Субраманиам, үндістандық Болливудтың жан-жақты әншісі, Падма Шри орденінің иегері Др. Кавита Кришнамурти Субраманиам, Др. Бинду Субраманиам, Др. Амби Субраманиам және Махати Субраманиам Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау және Астана қалаларының көрнекті жерлерінде өнер көрсетеді:
  • Ақтөбе – 2026 жылғы 16 маусым, сағат 19:00

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы

  • Қостанай – 2026 жылғы 18 маусым, сағат 18:30

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы

  • Көкшетау – 2026 жылғы 20 маусым, сағат 19:00

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы

  • Астана – 2026 жылғы 21 маусым, сағат 19:00

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы

  1. Концерттерде Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени диалог пен халықтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін үнді классикалық, оркестрлік және жаһандық фьюжн музыкасы орындалады.

9.           Үндістан Елшілігі Қазақстанның барлық тұрғындары мен қонақтарын 2026 жылғы Халықаралық йога күні мерекелеріне және Лакшминараяна жаһандық музыка фестиваліне қатысуға, сондай-ақ дүние жүзіндегі миллиондаған адамдармен бірге денсаулық, үйлесімділік, мәдениет пен әл-ауқат мерекесін атап өтуге шын жүректен шақырады.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *