Жапонияның жастар палатасының (JCI Japan) делегациясы Қазақстанда қаза тапқан жапон азаматтарын еске алды

Қарашаның 11-і күні Астана қаласында Жапония жастар палатасының (JCI Japan) Жапония-ТМД достық қауымдастығы мен оның бөлімшесі «Еуразиялық жасампаздық ассамблеясы» қауымдастығының делегациясы Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаза тапқан жапон әскери тұтқындарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, еске алу рәсімін өткізді.

Рәсімнің басында қауымдастықтың атқарушы директоры Матоме Хигучи мырза жиналғандарға алғысын білдіріп, мұндай еске алу шаралары жапон әскери тұтқындары болған түрлі жерлерде өткізілетінін атап өтті. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кеңес тұтқынында шамамен 570 мың жапон әскери тұтқыны ұсталғанын, олардың 60 мыңға жуығы қайтыс болғанын еске алды. Сондай-ақ, ол рәсімді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Жапония Елшілігіне және Елші Ииджима Ясумаса мырзаға ризашылығын білдірді.

Одан кейін Жапониядан келген Сото дзен-буддизм мектебінің монахы Шинкай Миура мырза Қазақстан аумағында қайтыс болған жапон әскери тұтқындарының рухына арнап еске алу дұғасын оқыды.

JCI Japan делегациясының Қазақстанға қоғамдық дипломатияны, халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға және екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қабілетті жас көшбасшыларды даярлауға бағытталған. Делегация сапар барысында Назарбаев Университет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында кездесулер өткізді.

JCI Japan – Жапониядағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ұйымдардың бірі, оның құрамында 30 мыңнан астам мүше және 670 аймақтық бөлімше бар.

Қазақстан аумағында қаза тапқан жапон әскери тұтқындарын еске алуға арналған ескерткіш 2023 жылы Астанада Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің қолдауымен орнатылған. Бұл ескерткіш Қазақстанда қаза тапқан барлық жапон  әскери тұтқындарының рухына арналған.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *