Сөмкесіне қарап мінезін таны

Нәзік жандардың қандай сөмке таңдап, оның кигеніне қарай психологиялық бейнесін жасауға болады. Әйел адамдардың құпиясын шешуге ерлер қандай жолдарды қолданбады десеңізші… Оның шешімі ретінде қыздарды шаш үлгісі, көздерінің түсі арқылы анықтау да болды. Дегенмен, ең негізгі әрі қайталанбас әдіс – сөмке арқылы анықтау.

Ірі сөмкелерді ұнататындар жігерлі, ақылды, мақсаты айқын, кейде шыдамсыз болып келеді. Олар қамқор аналар және назардан тыс қалғанды ұнатпайды. Үлкен сөмкесі бар әйел ешқашан өмірдің жағдайын қиындатпайды, бәрінен де жайлылық пен қарапайымдылықты қалайды.


Кішкентай сөмкелері бар ханымдар айқын ой мен шешімнің ерекшелігі бар, әрқашан өмірден не қалайтынын біледі. Сыртқы келбетін мұқият күтіп ұстау -олардың басты критерийі. Кішкентай сөмке ұстаған бойжеткендер ерлер үшін тартымды көрінеді.

Ал, сөмкелердің оригинал екендігін қайдан білуге болады? Ол өте оңай, ең бастысы жаңбырдың жауғанын күтіңіз. Егер қыздар сөмкені жаңбырдан қорғану үшін қолданса, ол оригинал емес. Шындығында түпнұсқа болса, керісінше сөмкесін жаңбырдан қорғайтын еді. Сондықтан да сөмкені таңдау барысында мұқият ойланыңыз. Себебі, ол сіздің ішкі жан-дүниеңіз бен сырыңызды ашатын басты аксессуар.

Аружан Дәрібай

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *