Стильді дуэт

Сізге әрқашан сырт келбетіңізге қарап, баға беретін болады. «Егер адамның қаншалықты жақсы киінгенін түсінгіңіз келсе, төменге қараңыз» деген сөз бар. Ал, бүгінгі сән индустриясында аяқ-киімді киюде ең негізгі назар шұлығыңызда екені сөзсіз. Шұлық – ол сіздің жан-дүниеңіз бен мінезіңізді көрсететін назардан тыс қалған бірден бір элемент. Біз сырт киімге көп уақыт бөлеміз, бірақ шұлық сатып алуға келгенде, маңызсыз элемент ретінде қараймыз. Көпшіліктен қалай ерекшеленемін? Ашық түстерді немен киюге болады? Мүмкін, стильді киіну маған арналмаған шығар?! Осындай сұрақтарды өзіңізге жиі қоятын болсаңыз, ерекше сәндегі шұлықтар сізге арналған.

Әдетте ер адамдардың классикалық костюмдері стандартты түсте болады. Сіз бұл стереотипті жойғыңыз келсе, жаңа үлгідегі ашық, жарқын, өзгеше түстегі шұлықты өз гардеробыңызға қосыңыз. Нәзік жандылардың назары дәл өзіңізде болатынына кепілдік беремін.

Креативті түрде түстер үйлесімін сәйкестендіре алсаңыз, дәл осындай дизайндағы шұлықтарды «casual», «basic», «suit» стильдерінде де үйлестіруге болады. Бизнес ортада жұмыс жасасаңыз да, осындай ал қызыл түсті шұлықты кисеңіз, сізді ешкім айыптамайтынына сенемін.

Толығымен классикалық стильде киініп, түрлі түсті шұлық түріндегі бір батыл элемент қоссаңыз –  ол сізге қайталанбас образ сыйлайды.

Елордамыздың аязында қалың, жүннен тоқылған шұлықтар сіз үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл сіздің күнделікті гардеробыңызды әртараптандырып қана қоймай, әрине, сізге жылулық әрі жайлылық сыйлайды.

Ең алдымен түрлі түсті шұлық кию арқылы сіз оған екпін қойып отырғаныңызды есіңізде сақтағаныңыз жөн. Дәл осындай қайталанбас элемент қалған киімдеріңізге нәр береді. Қарапайым түстегі шұлықты кию арқылы сіз көпшілікке үндеу тастамайсыз, тек солардың бірі болып қала бересіз. Ал, жарқын түстегі стильді дуэт арқылы өзіңіздің даралығыңызды айқындайсыз.

Аружан ДӘРІБАЙ

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *