Сән –киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді.Осы күнге дейін атын әлемге “тайға таңба басқандай ” із қалдырып кеткен көптеген сәнгерлер бар.Олардың өзінің жеке талғамы бойынша жұмыс жасап, әлемге өз туындамаларын қалдырып кеткен.Қазіргі таңға дейін солардың көпшілігінің аты жер жарып тұр.
Ал бүгін әлемге танымал ер дизайнерлер туралы сөз қозғайтын боламыз. Солардың көшін бастап тұрған Ив Сен Лоран. Сән әлемінің негізін қалаушылардың бірі Ив Сен Лоран 1936 жылы Алижирде дүниеге келген.Оның таланты жастайынан көп адамның қызығушылығын тудырған. Ол 17 жасынан бастап ол әртүрлі жас дизайнерлер жарысына қатысып жүлделерге ие болған.Осы шақта ол әйгілі Кристиан Диормен таныс болады. 1957 жылы Диор инфарктан қайтыс болып,мұрагері ретінде жас дизайнер Ив Сен Лоранды қалдырып кетеді. Содан 5 жыл өткеннен кейін Ив әйгілі “Yves Saint Laurent” сән үйін ашып , 40 жыл бойы сол жерде басшылық жасайды.2008 жылы ол мидың қатерлі ісігі ауруынан көз жұмады.
Көшіміздің еінші орнына Дорджио Армани жайғасты. Бірегей көзқарасты сәнгер 1936 жылы “Пьяченца” қаласында дүние есігін ашқан . Ол өзінің сән әлемін төмен сатыдан бастаған .
Ең бірінші ол қарапайым жұмысшы ретінде көзше көрінген . Армани 10 жыл бойы жұмысшы қызметін атқарып,1974 жылы алғашқы сән жиынтығын жарыққа шығарған.Бұл шығарылым көп адамның көңілінен шыққан. 1975 жылы Италия да “Giorgio Armani s.p.a.” компаниясының негізі қаланған.Қазіргі таңға дейін бұл бренд сән әлемі үздіктерінің қатарында.
Американдық киім дизайнері және де аты алемге әйгілі ” Calvin Klein Inc.“ компаниясының негізін қалаушы Кельвин Ричард Кляйн . 1942 жылы Американың Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Жастық шағынан бастап сән әлеміне бет бұрған Кляйн 18 жасында Жоғары деңгейлі сән және өнер мамандығын оқып бітірген. Содан кейін Нью-Йорк қаласында сән үйлерінде жұмысқа тұрып біліктілігін арттыра бастаған. Calvin Klein фирмасын негізін 1968 жылы Кельвин Кляйн мен оның жастық шағындағы досы Барри Шварц Нью Йоркте қалады. Ең алдымен ерлерге арналған киім үлгісін жасап, кейін әйелдер киімін шығаруға да кіріскен. 1974 жылы Кляйн аксессуарлардың топтамасың және аң терісінен тігілген киімді шығарды. 1974 жылы Кляйн әлемдегі «дизайнерлік джинсыларды» подиумдар да көрсетіп, оны сататын алғышқы адам болып табылды. Қазіргі таңда Кельвин американдық унисекс стильінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Итальян дизайнері және Valentino белгісінің негізін қалаушы,атақты сәнгер Валентино Клименте Лодовико Джаравани. Валентино Вогера қаласындағы мектепте жоғарғы сыныпта оқып жүрген кезінде әйел және ерлер сәнімен қызыға бастаған. Кейін Роза тәтесі мен Эрнестине Сальвадео дизайнерінің көмекшісі болып жұмыс істейді. 17 жасында Валентино ата-аналарының қолдауы мен ақшалай көмегінің арқасында сән әлеміне етене жақын танысу мақсатында Парижге аттанады. Париждегі әсем өнерлер мектебі мен Жоғары Мода синдикатында білім алады. Jean Desses-те бес жыл қызмет еткеннен кейін, 1959 жылы ата-анасымен ақылдасып қайтадан Италияға оралуға шешім қабылдайды. 1959 жылы досы, француз ақсүйегі Жеральд Нантимен бірге Парижден Италияға оралып, Via Condotti көшесінде сән үйін ашады.
1970 жылдарды Валентино Нью-Йорк қаласында өткізіп, Vogue журналының бас редакторы Диана Вриланд және Энди Уорхол сияқты атақты адамдардың ілтипатына бөленген еді. 2007 жылы 4 қыркүйекте Валентино Париж қаласында өтетін соңғы көрсетілімінен кейін сән әлемінен түбегейлі кететіндігін мәлімдеді.
Кристиан Диор француз киім модельері.
Кристиан Диор 1905 жылы 21 қаңтарда Францияның солтүстік-батысындағы Ла-Манш жағалауының бұрынғы балық порты, Гранвильдегі шағын Норманд қалашығында дүниеге келеді. 1911 жылы кішкентай Кристианның отбасы Парижге көшіп кетеді. Оның ата-анасы ауқатты адамдар болғандықтан, бес баланың екіншісі болғанына қарамастан ешнәрсеге мұқтаж болмаған. 1928 жылы Кристиан досы Жан Бонжакпен бірігіп арт-галереясын ашады. Ол галереяда Дерен, Матис, Пикассо жұмыстары көрсетілген. 1931 жыл Кристиан үшін трагедиялық кезең болды: анасы қатерлі ісік ауруынан дүниеден өтеді, ал әкесі алаяқтардың құрбаны болып, банкротқа ұшырайды және туберкулезбен ауырады. Сол кезде Кристианың галереясы да жабылады, өйткені галереяның көп бөлігін әкесі қаржыландырған. 1942 жылы Кристиан, Christian Dior Perfume фирмасына айналған парфюмерлік лабораториясының негізін қалайды. Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орынды алады.
Зерлен ЕРКІНБЕК