Олар туралы сөз де, түрлі пікір де, негативті көзқарас та бар. Ал, сіз жаңа бағыттағы өнер, мәдениет тасушыларды осы үшін айыптайсыз ба?
Бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйіктісіне айналған «Ninety One» тобы елімізде өздерінің «Q-pop» атты жаңа музыкалық бағыттағы феноменімен көбіміздің жүрегімізден орын алды. «Ninety One» тобының мүшелері тек өздерінің әндерімен ғана емес, ерекше стилімен көпшілікті таңқалдырды.
Бүгінде «Ninety One» тобының жанкүйерлері (eaglez) сауда орталықтарынан оларға ұқсас стильдегі киімдерді іздемесе де болады. Себебі, топ мүшелері «Q-GENERATION» авторлық киім желісін құруда жұмыс істеуде.
«Q – GENERATION» – Қазақстанда құрылған киiм брендi, беделді компания Juz Entertainment және жас дизайнер Bibotta’ның бiрiгiп жасаған жұмысы. “QG” (кьюджи) брендi – ыңғайлық пен стильге негiзделген, минимализм және sport casual стилiндегi жастардың әр күндік киiмi.
Бренд жасаудың мақсаты – қол жетiмдi бағаға елiмiзде жасалған заманауи киiмдермен Қазақстан жастарын киiндiру. QG маркасымен жейделер, бомберлер, көйлектер, рюкзактар, аксессуарлар және мектеп құралдары секiлдi әркүндік киiмдер шығарылатын болады. Брендтiң айнасы «Q-pop» стилiнiң негізiн қалаушы – «Ninety One» тобы.
«Ninety One» тобының жанкүйері болсаңыз, бұл бренд сіздің көңіліңізден шығатынына сенімдімін.
Аружан ДӘРІБАЙ