K-pop жанрындағы сән

Қазіргі таңда жас бикештердің сәнді, трендке сай киінгісі келетіні бәріне мәлім. Ал, сәнді луктар мен жаңа шабыттардың елі, ол – Корея. Қазақ қыздарының бұл трендке еліктеу себебі – Корея бикештері ыңғайлы және сәнді киінуді ұнатады. Еліктеушілік тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемнің түкпіріне де жеткен. Ол оңайлықпен келе қойған жоқ. Сәнді киім кию эпохасы музыка әлеміндегі K-pop жанрының дамуымен келді. K-pop әртістері (екінші атауы-айдолдар) жарқын луктарымен көз қызықтыра бастады. Қазірдің өзінде инстаграм желісін ашсақ, алдымызға кореялықтардың ықпалы шыға келеді. Яғни, сүйікті кумирлеріне ұқсағысы келген жас бикештеріміз көбейіп барады.

Кореялықтар жасанды көрінгенді ұнатпайды. Олар жылы түсті киімдерді киіп, косметиканы минималды түрде қолданады. Осы мақалада K-pop  жанрындағы сәнді луктарымызды көрсетеміз.

Кореялықтар қара түсті киімдерді көп кие бермейді. Ашық, жылы түсті киімдерді киетін адамдар саны басымырақ. Ашық түсті луктарды кигеннен 2-3 жасқа жасырақ көрінуге болады екен.

Қысқа белдемшені киіп кетуге асықпаңыз. Оның астына көрінбейтіндей қылып шорты киіп алыңыз. Ол кішкене болса да, қорғаныс сезімін беріп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корея сәнінің ең маңызды атрибуты – ұзын,оверсайз пальто. Оверсайз өзіңіздің размеріңізден 3 есе үлкен болып көрінеді. Ұзын, пішінсіз пальто жылулық пен сәнділікті береді.

Ең соңғы, бірақ маңыздылығы кем емес – аяқ киім. Кореялықтар биік өкшелі аяқ киімді кие бермейді. Оларға ыңғайлысы кроссовкалар мен баулы етіктер. Бұрында күлкілі көрінгенімен, қазіргі кезде баулы аяқ киім мен белдемше, көйлек кию сәнді трендке айналды.

Айдолдарды ұнатсаңыз, Корея сәнінің сізге ұнауы әбден мүмкін. Сөзден және еліктеуден қорықпаңыз. Сіз ұнағаныңызды киіп, ұнағаныңызды істей алуға құқылысыз. Бәлкім, ішіңізде жаңа тренді шығарушы ой жатқан шығар. Әлем сізге еліктеп, қазақша лук дәуірінің уақыты келер.

Гульдана Рахымбекова

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *