-Ninety one, ninety one,- деп айғалаған дауыс жан-жақтан жамырап естіліп жатыр, тіпті, бұл гуілден алыста тұрған ағаштар шайқалып, үлкен алаң бір сәтте жарылып кететіндей көрінеді. Айналаның бәрі баяу бейнекөрініске түсіріліп жатыр ма дерсің. Миллиондаған тыңдаушылар, мыңдаған иглз, жүздеген фан клубтар, бәрі де бұл топтың әр демін аңдуда, жаңалық ашуын асыға күтуде, және де бұның бәрі зая емес, жаңалықтар ашылуда, жаңа тыныс берілуде. Аты біраз шулаған бұл топ бізге тек қана музыкаға деген жаңа көзқарастар мен басқаша ой әкеліп қойған жоқ, сонымен қатар кино, fashion индустрияда да бірқатар өзгешелекпен ерекшеленді.
«Азат ойлаған адам өз алдына жүйе құрып, басқа жүйеден тәуелсіз бола алады. Кеңістіктен, уақыттан тыс тұрып, ақпарат ағынын өз қолына алатын жағдайға жетеді»,- дейді 91 тобының мүшесі Азамат Зенкаев (A.Z.). Шыныменде, бұл топ қаншама халықтың алдына шығып, өз жүйесін құра алды. Сахнадағы стиліне байланысты түсініспеушілікпен негативке қарсы тұрды, күресті. Өздерін алдыңғы қатарлардан көрсете білді. Мыңдаған адам олардың стилін жоғары бағалады. Басында сынмен қарсы алынса, қазір брендке айналды. Олар ойдың, өнердің, стильдің тәуелсіздігін әкелді.
«Eaglez, біз жаңа кезеңге қадам басқалы жатырмыз. Сіздер бізбен біргесіздер ме? Сіздерді жылулық пен махаббатқа толы киімдерімізбен киіндіргіміз келеді. Арамыз тағы да жақындай түссе екен деген ниеттеміз»
Ninety one
Қазіргі уақытта беделді Juz Entertainment компаниясымен жас дизайнер Bibotta «Q-GENERATION» атты Ninety one тобының стиліне негізделген бренд құрды. Жоба 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап шыға бастады. Минимализм мен sport casual киімдері қазіргі уақытта жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Қалаған адам қол жетімді бағамен жейделер, бомберлер, көйлектер, рюкзактар, аксессуарлар және мектеп құралдарын сатып ала алады. Біреулер бұл брендтен ыңғайлылықпен заманауи үдерістерді ұтымды енгізгенін жоғары бағаласа, енді біреулері сүйікті топтарының стилінен айналып өте алмайды. Қазақ бренді жаңа ғана алға басып, біршама кезеңдерге көтеріліп келе жатқаны осындай өнерлі жастарымыздың арқасы. Ал, оларға қолдау беру сіз бен біздің қолымызда.
Наурызбаева Ұмсындық
Журналистика және саясаттану факультеті
2-курс студенті