«Кеңес Одағы ондаған жылдар бойы жүргізген ядролық бомба сынақтары қазақ балаларының қазіргі ұрпақтарын да жойқын салдарға ұшыратуда»,- дейді aljazeera.com
Кеңес Одағы 1949-1989 жылдар аралығында шығыс Қазақстанда 460 ядролық бомба жарды. «Полигонның» 45 шақырым төңірегінде тұратын 200 мыңға жуық ауыл адамдары радиацияның жоғары деңгейіне шалдықты.
Қырғи-қабақ соғыс ядролық соғысқа айналған уақытта, адамдарды қорғауға алмақ түгілі, керісінше оларға сынақ жүргізетін су шошқалары тәрізді қарады. Ал оның ең қайғылы салдары бүгінгі күні орын алып жатқан шығар.
Ондаған жылдардан кейін дүниеге келіп, ядролық шөгінділердің тікелей әсерлеріне ешқашан ұрынбаған балалар да қазір ауыруда, ауыру бола түсуде.
Олар «шәует және ұрық жасушасының хромосомаларындағы радиация ықпалының мутациясы» нәтижесі.
Басқаша айтқанда, Кеңес Одағының ессіздігінен зардап шеккен әке-шешелер, әжелер мен аталар, өздері ғана қайғылы жағдайға душар болып қойған жоқ, алған кесірлері олардың үшінші, төртінші және бесінші ұрпақтарында одан сайын күшейе түсуде.