Сән әлемін көпшілік түсіне бермейтін өзіндік қырлары бар екені дүйім жұртқа мәлім. Тіпті адам ойына кіріп шықпайтын кейбір дүниелер, сән сөзіне антоним іспетті. Ендеше, 2018 жылғы «трендке» айналған 5 үздік сән әлемінің танымал үлгілерін ұсынамыз.
1. 2018 жылы жұлдыздар арасында белсенді қызығушылыққа ие болған бұл етік, енді кімнің таңдайын қақтырмақ?
2. Шалбарыңыз ұзын болып, киюге ыңғайсызданып жүрсіз бе? Еш уайымдамаңыз енді сіз трендтесіз!
3. Ауылдық жерде қой бағатындарға таптырмас етік түрінің жаңа дизайындарын назарларыңызға ұсынамыз!
4. Сән әлемінен еш хабарыңыз болмай, нағыз талант иесінің шабытының шыңдалғанын аңғара алмасаңыз, бұл трендтің де жөнін білу сізге қиын болар.
5. 2018 жылғы ер жігіттерге шалбарлар ыңғайсыздық тудырғаны үшін, енді ұзын белдемшелі классикалық костюмдар трендте!
Гүлбарам Құрақ