Ә. Бөкейханов публицистикасы және орыс әдебиетіндегі мәдениет

2018 жылдың 4 сәуірінде (ЕҰУ-нің №4 оқу ғимараты, 112 ауд., сағ. 11.00) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ғылым декадасы – 2018» іс-шаралары аясында филология ғылымдарының докторы, журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Тахан Серік Шешенбайұлының «Ә.Бөкейхановтың орыстілді публицистикасы» атты ашық дәрісі өтті.

Ашық дәріске тыңдармен ретінде «Журналистика» мамандығы бойынша орыс бөлімінің 1-3 курс студенттері, магистранттар, докторанттар және факультеттің жас оқытушылары қатысты. Дәріс барысында Ә.Бөкейхановтың орыс тілді публицистикалық материалдарындағы орыс классикалық әдебиетіндегі әлеуметтік-саяси дискурстағы көрінісіне байланысты сұрақтар толық қамтылып, 1908-1910 ж.ж. «Сібір сұрақтары» журналында басылып шыққан «Қырғыз суармалы алқаптарын аластау», «Ақмола облысындағы қоныс аудару учаскелері», «Дала аймағына орыстардың қоныстануы», «Канцелярлық көшіру дағдарысы» және т.б. қолжазбалары талқыланды талқыланды.

Дәріскер Ә.Бөкейхановтың жер бетіндегі адам еңбегіне сыйластық пен билікті сатиралық жанрда сипаттаған М.Салтыков-Щедрин, Г.Успенский, А.П. Чеховтың әдеби шығармашылығына қызығушылығын танытқанын айқындады. Сондай-ақ, дәрісте Ә. Бөкейхановтың демократиялық бағыттағы орыс әдебиетіне ықыласының бар екенін дәлелдейтін дыбыстық тәсілдер мен риторикалық фигуралар талқыланды.

Ресейлік шаруалардың қазақ жеріне қоныстандыру, империялық саясатқа қатысты оқиғалардың кең ауқымды тарихи-әдеби түсіндірмесі және Ә. Бөкейхановтың ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы орыс прозасында көрініс тапқан әлеуметтік-саяси құбылыстарды сипаттау арқылы шындықтың үрдістерін көрсеткен шығармашылығын ашық дәріс мазмұнының дәлелдік белгісі ретінде қабылданды

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *