Әшекейлердің тағы бір сыры

              Қазақтың әшекей бұйымдары тек қана сәндік үшін немесе  тұрмыс- тіршілігінің айғағы ретінде   тағылған емес. Бағзыдан-ақ бұйымның әр бөлшегі маxаббатпен соғылып, зерленіп жасалынғандықтан,  әр әшекейдің өзіне тән сыры бар. 

Шашбау немесе шолпы

         Қазақ қашаннан да қыз баласына қырық үйден тыйым салып тәрбиесіне аса мән берген. Әр бойжеткеннің  бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысып, ұяттан аттамай, нәзік әрі  инаббатты болуға үндеген. Иә, шашқа шолпы тағуының да басты себебі осы. Бойжеткеннің шолпысының сылдыры білінер- білінбес қана болып естіліп тұрғаны шарт. Яғни, бұл сұлудың байыппен, ұқыпты жүруінің кепілі іспетті.

Жүзік

          Үлкендердің бұйымдарына көзіңізді салып көріңізші, алтын жүзік таппайсыз, бәрі күміс. Бұл Қазақстанда алтын тапшы деген сөз емес,  мәселе күмістің пайдалалығында.   Себебі, күміс -таза металл. Сондықтан да нәзік жандылар осы металдан жасалған бұйымдарды көп таққан. Тіпті кей ер адамдар саусағында  күміс жүзігі жоқ әйелдің қолынан ас ішпейтін де болған.

Өңіржиек

          Бұл аралары шынжырмен жалғасқан бірнеше күміс тақтайшадан тұратын бұйым түрі.  Үлкен аналар кимешек кию арқылы кеуделерін жауып ұстайтын болса, қазақ қыздары көйлектерінің өңіріне өңіржиек тағатын болған.

Тұмар

            Үшбұрыш немесе төртбұрыш пішінде күмістен соғылып,  алтын жалатылып жасалатын іші қуыс  әшекей. Ішіне молданың дұғалары жазылған қағаз, үкі, басқа да қасиетті нәрселер салып қоятын болған. Бұл пәле-жаладан, көздің сұғынан, тілдің уынан сақтайды деген ниеттен туыпты.

Шынар Жұмасат

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *