Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны талқыланады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 25-маусым күні сағат 11.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.

Бүгінде әлеуметтік желі әлем мойындаған ақпарат алмасудың бірден-бір құралы болып табылады. Десек, те әлеуметтік желі – ақпарат пен нарықты дамытумен қатар қазақ терминдерінің қоғамдағы орнын айқындаушы, ұлттық  тілдің мәдениетіне ықпал етуші құрал. Аталған шара әлеуметтік желіде қолданылатын терминдердің терминжасамдағы орнын айқындауға, ұлттық тіл мәдениетіне ықпалын анықтауға бағытталады.

Онлайн-конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев, Shonbay Online университеті PR & Media бөлімінің жетекшісі, SMM-manager, копирайтер Ақерке Камал әлеуметтік желі терминдерінің қолданысы, оның тіл мәдениетіне әсері жөнінде ой қозғайтын болады.

Әлеуметтік желі терминдеріне қатысты сұрақтарыңызды termincom.kz сайтының youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *