«ӘЛЕМГЕ ЖЫЛУЛЫҚ ҚАЖЕТ»

«Youth leader Almaty» жобасының «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры Алматы қаласының жастары мен студенттері арасында «Әлемге жылулық қажет» әлеуметтік жобасын  ұйымдастырды. Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы салдарынан көптеген ұйымдар жұмысын тоқтатуы салдарынан немесе жалғыс басты ана секілді кейбір отбасылық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетуді жөн деп санадық.

Жоба барысында, жиналған қаражатпен барлығын қамти алмасақ та, жағдайы төмен алты отбасыға көмек көрсетілді. Тағы бір айта кетерлік жағдай, қазіргі жастарымыз, көтерілген мәселеге жақсы көзқарас танытты. Ауыртпалық жағдайын жан дүниесімен түсіне біліп, көмек қолын созғаны қуантты. Елдің әрбір азаматы үшін алаңдап, аз да болсын жылулық сыйлағаны, елінің ертеңі үшін дұрыс шешім қабылдай алатын жастарымыздың көпт екеніне тағы бір көзімізді жетті. Жобаның мақсаты – көшбасшылықты дамытумен қатар, болашақта еліміздің тірегі бола алатын жастардың дағдысын қалыптастыру.

«Жетімін жылатпаған, жесірін ұзатпаған» деп ұрандаған ата-бабаларымыздан қалған  қанымыз әрбір қазақ кеудесінде тулап тұрғанда бұндай қиындықтарды оңай еңсереміз.

Айнаш Бекболатқызы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *