Ұ.М.Есенбекова: Мақсатым – жаңашыл үлгіде сапалы білім беру

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

ҰЛБОСЫН МЕЙІРБЕКҚЫЗЫ ЕСЕНБЕКОВАНЫҢ

«Заманауи медиа технологиялар» пәні бойынша өткізген

АШЫҚ САБАҒЫ

Бүгін Журналистика және саясаттану факультетінде «ЖОО оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұ.М.Есенбекова «Заманауи медиа технологиялар» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
«Журналистика» мамандығының 1-курс магистранттарымен өткен ашық сабақ «Медиа технологияларды қоғамдық психологияны қалыптастыруда қолдану» тақырыбына арналды.
Ашық сабаққа Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, факультет деканының орынбасарлары Болатова Гүлжаухар Жамбылқызы, Байғожина Дана Өнірбекқызы, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, Журналистика және саясаттану факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы Пернебекова Айжан Пернебекқызы, профессорлар Тапанова Сәуле Есембекқызы мен Тахан Серік Шешенбайұлы, Ақсейіт Ғалия Манатқызы және басқа да оқытушылар қатысты.

Ашық сабақ Microsoft Teams платформасында онлайн трансляцияда көрсетілді. Онлайн трансляцияға АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінен, Біріккен Араб Әмірлігінен, Ресейден қосылған әріптестер болды. Факультеттің докторанты Алдабергенова Жанна Жайлаубайқызы уақыт айырмашылығына қарамастан Нью-Йорктен (таңғы сағат 5) дәріске онлайн қосылды.

Профессор Ұ.М.Есенбекова өткізген ашық сабаққа деген қызығушылық отандық университеттерде де жоғары болды. Түркістаннан Қазақ-түрік университетінің профессоры Сердәлі Бекжігіт, академик Бөкетов атындағы университетінің кафедра меңгерушісі Жанар Рамазанова, Алматыдан Қазақ ұлттық университетінің, Оңтүстік-Қазақстан университетінің оқытушылары мен білім алушылары ашық сабаққа онлайн қатысты. Сонымен бірге Назарбаев университеті мен Астана IT университетінің өкілдері мен білім алушылары да ашық сабақиы онлайн тыңдады.

Дәріскердің кәсіби шеберлігі мен магистранттардың жақсы білімі арасындағы үйлесімі жағдайында өткен ашық сабақ үлгілі деп танылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері мен сыни ойлау, кейс-технология, бақылау сұрақтары және басқа да методологиялық тәсілдердің озық үлгісін көрсеткен профессордың жан-жақты білімі мен шеберлігін қатысушылар жоғары бағалады.

Ашық сабақтың соңында пікір білдірген спикерлер Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Сақ, факультет деканының орынбасарлары Г.Болатова және Д.Байғожина, факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы А.Пернебекова, профессор С.Тапанова, доцент Ғ.Ақсейіт, кафедра меңгерушісі С.Дүйсенғазы және Нью-Йорктен қосылған докторант Ж.Алдабергенова, отандық және шетелдік мамандар дәрістің технологиялық қамтылуын, дәріскердің жоғары кәсіби деңгейін, магистранттардың жақсы білімін атап өтті.

Профессор Ұ.М.Есенбекова өзінің қорытынды сөзінде ашық сабаққа қатысқан барлық әріптестеріне алғысын айтып, осындай жаңашыл білім беру формаларының арқасында ЕҰУ-де медиа, журналистика мамандықтары бойынша білім алушылар ақпараттық ортада өздерінің кәсібилігін дәлелдеп, еліміздің ең үздік медиа құрылымдарында, мемлекеттік органдарда табысты қызмет ететінін жеткізді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *