Ұлттық нақыштағы брендтер


      Қазіргі таңда қазақы ою-өрнектерді замануи- ұлттық нақышқа сай пішімдеп, оны өздерінің кәсіптеріне айналдырып, жұмыстарын дөңгелетіп отырған адамдар жеткілікті. Соның бірі, Алматы қаласының тұрғыны  Фатима Қожагелдиева.  Бұл кәсіпті  өзінің хоббиы ретінде бастаған ол, казіргі таңда үлкен бизнесвумен атанып отыр. Осы кәсіппен айналысып жүргеніне биыл бес жыл болмақ. Ұлттық нақыштағы күнделікті киімнен бастап, қыз баласына арналған жасауға дейін, алтын қолдарымен өзі тігіп береді. Соған қоса, өз білгенін халыққа үйрету мақсатында заманауи шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бұл қыз-келіншектер үшін қол өнерді үйренуге деген таптырмас мүмкіндік. Шеберлік сабақтарының қаржысы да қалтаға қонымды. Бірақ, ұлттық нақыштағы бұйымдардың қымбат болуы оған деген сұраныстың аздығына әкеліп соқтыруда…

     Ұлттық дүниелерді насихаттап жүрген тағы бір әйел заты – Аңсаған Мұстафа. Өзі  талай салиқалы суреттерді дүниеге әкелген талантты суретші. Әрі көне жәдігерлерді заман талабына сай үйлестіріп, одан сән үлгілерін жасап шығаруда. Қазіргі таңда әр жастың үстінен Аңсаған ханым тіккен руы, аты немесе әшекей бұйымдардың суреті бар жейделерді көресіз. Сонымен қатар, талантты суретші өз кәсібі арқылы көптеген жобаларға қаржылық қолдау көрсетуде.


Калилаева Асемкуль

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *