Нәзік жандылар үшін келбетінің әр уақытта да әдемі болып жүруі өте маңызды. Ал қыс уақытында бет терісі аяз бен суыққа, желге тап болып, осының бәрі терінің қалыпты жағдайдан ауытқып, зақымдануына алып келеді. Сондықтан аруларымыз бет терісін күтудің қыстық түріне өткендері дұрыс. Бұл қандай күтім және оның ерекшеліктері неде?
Осы сұрақтарымызға жауап беретін –«Tiande-сұлулық және денсаулық» корпорациясының бренд- косметологы Скурыгина Анастасия.
– Бет күтімін соншалықты жыл мезгілінің ауысуына байланысты өзгерту керек пе, әлде бет терісінің түрі мен жағдайына байланысты қарау қажет пе?
– Жалпы терінің төрт типі бар: құрғақ, майлы, ешбір проблемасы жоқ, яғни майлылығы да, құрғақтығы да қалыпты және аралас. Дәл осы бет типіне байланысты біз қыста қандай күтім керек екендігін анықтаймыз. Әрбір косметикалық заттарды қолдануда міндетті түрде бет типіне қарай таңдалады.
– Қысқы бет күтімі неден басталады?
-Біріншіден, егер таңертеңгілік уақыт болса, бұл әрекет бетті дұрыс тазалаудан басталады. Оны да біз бет типіне байланысты жасаймыз. Мысалы, егер майлы типті тері болса, бірінші гель, ал құрғақ типі теріге косметикалық сүт қолданған дұрыс болады. Әрі қарай тоникпен сергітіп, сарысу жағасыз. Сарысу бізде қосымша күтім болса, онан кейін негізгі күтім – иісмайларға көшу керек, яғни кремдер. Кремнің міндетті түрде екі түрін ажырата білу керек: көз маңындағы теріге және бетке арналған. Бет кремінің концентраты әлдеқайда жоғары болғандықтан, оны көз маңына жағуға болмайды. Әсіресе, қыста нәрлендіргіш кремдер жаққан дұрыс. Ал кешке болса, осы жоғарда айтылғандардың барлығына тек де- макияж қосу керек. Де- макияждың қарапайым жуынатын гельдерден басты айырмашылығы – құрамында майлардың болуы. Бұл майлар бетімізді барлық косметикадан толықтай тазартуға көмектеседі. Сондықтан кешке де- макияж жасау өте маңызды.
– Ал қазір барлығына танымал маскалар жайында не айтасыз?
-Әрине, маскаларды кешке қарай қолдануға болады. Бірақ құрғақ тип терілілерге маска- пленкаларды қолданбаған дұрыс, әсіресе қыс уақытында. Себебі бұл теріге зақым келтіруі мүмкін. Ал майлы типті теріге ылғалдандырғыш маскалар өте қолайлы болады.
– Қосымша қыс мезгілінің бет күтіміне байланысты қандай кеңестер бересіз?
- Басқа жыл мезгілдерінде құрамында сулы косметикалық заттар қолданса, қыста құрамында майы бар заттарды таңдау
- Кез- келген косметикалық затты сыртқа шығардан бір сағат бұрын қолдану;
- Қыста құрамында D витамині бар кремдерді таңдау. Күннен қорғауға арналған SPF 30, 50 қажеті жоқ. Тек SPF 12, 15 жеткілікті болады.
- Әдеттегі кремдердің орнына қоректендіретін кремдерді қолдану;
- Мейлінше көп су ішуге тырысыңыз: бұл еріден бездердің дұрыс жұмыс жасап, суыққа төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
- Жуынғанда бетті ыстық емес, суық емес, бөлме температурасындағы сумен жуу. Құрамына пайдалы ромашка секілді шөптерді қосуға болады.
Бақытқызы Әсел
Журналистика мамандығы
2-курс студенті