Қашықтан оқытуға бейімделу жағдайындағы «Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының» тәжірибесі.
Дүние жүзін шарлаған пандемия салдарынан 2020 жылдың ортасында оқыту барлық мекемелерде өзгеріске ұшырады, Жағдайға қарай, былтырғы жылдың сәуірінен бастап «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ де тіл оқыту курстарын онлайн форматқа ауыстырған болатын.
Орталық мамандарының оқыту бағдарламаларын сандық технологияға көшіру жұмыстары барысында қашықтан оқытуға арналған http://kzordatil.kz/ ресми интернет порталы жасақталды.
Орталық порталы арнайы беттерден тұрады. Порталдың басты бетінде
Біздің орталықтың әкімшілік құралымымен танысқыңыз келсе және байланысқа шыққыңыз келсе, орталық туралы бетке өтсеңіз болады.
Жаңалықтар бетінде орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы мәліметтер берілген. Одан төменірек мақалалар берілген.
Порталға мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі курстарының деңгейлері бойынша сабақтар орналастырылды.
Қазіргі таңда бұл порталды тіл үйренушілер өз бетінше сілтеме арқылы кіріп, кез келген уақытта қажетті ақпараттарды ала алатын қолжетімді ресурс ретінде пайдаланылуда.
Тіл үйрену курсы бойынша барлық мәлімет E-learning бөлімінде тұр. Курстарға өту үшін «student» «student» логин-паролін басу жеткілікті.
Мұнда 100 сағаттық мемлекеттік тіл курсының: А1-қарапайым, А2 – базалық, В1 – орта, В2 – ортадан жоғары, С1 – жоғары деңгейлері бойынша,
72 сағаттық орыс тілі курсының: А1-бастауыш, А2-жалғастырушы,В1- практикалық деңгейлері, 72 сағаттық ағылшын тілі курсының: А1- beginner, А2-еlementary, В1- рre-intermediate деңгейлерінің дәрістер кешені салынған. Сонымен бірге, биылғы жылы қайта жасақталған «Тіл мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас тілі» курсының сабақтары тіл үйренушінің назарына ұсынылған. Бұған дейін «Сөйлеу мәдениеті» деген атпен оқытылып келген курстың бағдарламасын қайта құрастырған – ф.ғ.к., қауымд.проф. Аман Абасилов.
Тіл үйренуші курсты бастамас бұрын өзінің тілдік білім деңгейін білу үшін порталдағы деңгей анықтау онлайн тестінен өтеді. Тест нәтижесі автоматты түрде шығарылып, тыңдаушы таңдаған деңгей бойынша курсқа енеді. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыға қорытынды тест нәтижесімен сертификат беріледі.
http://kzordatil.kz/ порталын пайдаланып, кез келген уақытта қашықтан тіл үйрену – сандық технология дәуірінің зор мүмкіндігі. Былтырғы жылы «Үздік оқытушы» байқауынан үздік үштіктің қатарынан көрінуімізге осы порталдың көмегі зор болды.
Айдана Махамбетова,
гуманитарлық ғылымдар магистрі,
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының
«Қызылорда облысның тілдерді оқыту орталығы» КММ
ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы