Қатпарлы самсаның құрамы

Бала күнімнен сүйіп жейтін тағамдарымның бірі самса. Анам пісіре бастаған сәттен жанынан шықпай, қашан піседі деп сұрай беретінмін. Сонда анам шыдамсыз қызым-ай деп күлетін. Бүгін сол күндерді еске алып, самса пісірейін деп шештім.

Самса – Қазақстанда ғана емес басқа да мемлекеттерге кеңінен таралған ұн тағамдарының бір түрі. Самса үшін дайындалатын қамыр қатпарлы келеді, бірақ кейбір елдерде тандырнаннан да жасай береді.

Қамырдың құрамы:

  • 4 стақан ұн;
  • 2 дана жұмыртқа;
  • 1 стақан жылы су;
  • 100 грамм сары май;
  • 0,5 шәй қасық тұз.

Салманың (начинка) құрамы:

  • Ет/фарш;
  • Жуа;
  • Тұз/бұрыш;
  • Аскөк.

Дайындалу жолы: Үлкен ыдыста жылы су, жұмыртқа,тұз, сары майды араластырамыз. Араластыра отырып, үстіне ұнды аздапелеп қосамыз. Қолға жабыспайтындай етіп қамырды илеймізде, оны бірнеше бөліктерге бөлеміз. Домалақтап, жылы жерге 30-35 минутқа бетін жауып қоямыз. Бұл уақыт аралығында салманы дайындаймыз. Ет, жуа мен аскөкті ұсақтап турап, тұз/бұрыш, дәмдеуіштер қосып, дәмін келтіреміз.

Қамыр дайын болған соң оны жаямыз. Алғашқы қамырды жайып болғаннан кейін, оның үстіне  алдын ала ерітілген сары майды жағамыз. Екінші қамырды жая бастағанда сары май қамырға сіңіп, жұмсара түседі. Дәл осы жолмен 3 рет қамыр жайып, үстіне сары май жағып сіңдіреміз. Бірінің үстіне бірін қойып, қатпар жасаймыз.

Қатпарлы қамыр дайын болған соң, оны дөңгелектек орап, кішкене бөліктерге бөліп жаямыз. Салмасын салып, үшбұрыштап формаға келтіреміз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз.

Ыстық пеште 200-230 градус температурада 30-40 минут пісіреміз.

Қатпарлы самса дайын, астарыңыз дәмді болсын!

Гульжазира САПАР

Журналист 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *